2008 жылға сыртқы көрнекі жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға сыртқы көрнекі
жарнамалар орналастырғаны
үшін төлемақы ставкаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 27 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңының 11 бабының 1, 3 тармақтарына сәйкес аудандық Маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға сыртқы /көрнекі/ жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары қосымша бойынша бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық салық комитетіне, «(келісім бойынша)» барлық салық төлеушілерге жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама обьектілері үшін төлемақыны осы ставкаларды қолданып есептеу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожинға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Тармақша 1
1) Аудандық Мәслихат аппаратының
басшысы
А.С. Садваксов
21 желтоқсан 2007 жыл
Келісілді
Тармақша 5
5) Шет ауданы бойынша салық комитетінің
төрағасы
Ш.К. Жүніс
21 желтоқсан 2007 жыл
Басқа 7. Шет ауданы бойынша сыртқы /көрнекі/ жарнамалар
орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары
Аудандық Мәслихаттың 2008 жылғы
21 желтоқсандағы ІҮ сессиясының
4/42 шешіміне
қосымша
Шет ауданы бойынша сыртқы /көрнекі/ жарнамалар
орналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары
№
Жарнама түрі
Өлшем
бірлігі
Елді
мекендерде
Жергілікті
маңызы бар
жалпыға ортақ
пайдаланылатын
автомобиль
жолдарының
белдеуінде
Абсолюттік
сомасы
Абсолюттік
Сомасы
1
Сыртқы /көрнекі/ жарнама - көлемі 2 шаршы метрге дейін
теңге
584
584
2
Сыртқы /көрнекі/ жарнама - көлемі 2,1-ден 5 шаршы метрге дейін
теңге
1168
1168
3
Сыртқы /көрнекі/ жарнама - 5,1-ден 10 шаршы метрге дейін
теңге
1752
1752