Об установлении стоимости разовых талонов и размера единых ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды деятельности на 2008 год Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға жекеленген қызмет түрлеріне белгіленген жиынтық салық бағаларының мөлшерін және бір жолғы талондар құнын тағайындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Коднексіне), 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы «Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» № 1016 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласы мен Ақтас кентібазарларында ауық – сауық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлеріне, қоса беріліп отырған 1 қосымшаға сәйкес, бір жолғы талондар құны тағайындалсын.
Тармақ 2
2. Саран қаласы мен Ақтас кентінің салық төлейтін обьектілерден жиынтық салық бағаларының мөлшері, 2 қосымшаға сәйкес тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, саран қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 518 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілер Реестрінде мемлекеттік тіркеу нөмірі 8-7-37, «Ваша газета» газетінде 2007 жылы 10 ақпанда № 6 жарияланған)
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 1. Ауық – сауық сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа)*
Саран қалалық мәслиқатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 3 сессиясының № 64 шешіміне № 1 қосымша Ауық – сауық сипатта қызмет жасайтын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондар құны (тұрақты жайлардағы қызметтен басқа)* № Кәсіпкерлік қызмет түрлері Айлық есептік көрсеткіштен пайыздық құны 1 Бақша өнімдерін сату 13 2 Газет журналдарды сату 9 3 Үй маңында, саяжайларда өсірілген гүлдерді сату 12 4 Жеке қосалқы шарауашылықта, бау-бақшада өндірілген өнімдерді сату 6 5 Тұқымдарды, сондай ақ көшет материалдарын сату (көшеттер, тұқымдар) 12 6 Құстар мен жануарлар үшін жем азығын дайындау 12 7 Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке тракторлары және басқа ауыл шаруашылық техникасы бар адамдардың қызметі 24 8 Жолаушыларды, жүктерді тасымалдау бойынша жеке жеңіл, жүк автомобильдері бар адамдардың қызметі (лицензия барлардан басқалар үшін) 23 9 Үй құстары мен жануарларын жаю 6 *Жиынтық салық бағаларының бірдей мөлшері салық салу обьектісіне бір күнге белгіленген.
Басқа 2. Жеке қызмет түрлеріне салық салу обьектісінің бірлігінен тіркелшен жиынтық салығы ставкаларының мөлшері*
Саран қалалық мәслиқатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 3 сессиясының № 64 шешіміне № 2 қосымша Жеке қызмет түрлеріне салық салу обьектісінің бірлігінен тіркелшен жиынтық салығы ставкаларының мөлшері* № Салық салынатын обьектінің атауы Салық салу обьектісінен тіркелген салық ставкасының бірыңғай мөлшері, айлық есептік көрсеткіштерімен 1 Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы 10 2 Көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы жоқтойын автоматы 15 3 Ойынға арналған жеке компьютер 40 4 Ойын жолдары 150 5 Бильярд үстелі 130 *Тіркелген жиынтық салығы ставкаларының бірыңғай мөлшері бір жылға салық салу бірлігіне белгіленген.