О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, 2008 жылы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 1999 жылғы 7 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарының негізінде, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Саран қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша, алушының қалауы негізінде екінші деңгейдегі банк арқылы тиісті әлеуметтік төлем сомасына, тиісті банктік операцияларға, Қазақстан Республикасының Халық банкісінің лицензиясы бар, әлеуметтік төлем сомасына сәйкес жеке шоты көрсетілген өтініші негізінде, оның қалауы бойынша екінші деңгейлі банкі арқылы кепілдік берушіні тағайындап, төмендегі азаматтар тобына ақша аударылсын: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс мерекесіне:
Тармақша 1
1) соғысқа қатысушыларға және мүгедектерге – бес мың теңге, әлеуметтік төлемді беру Саран қаласы зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін;
Тармақша 2
2) әскери қызметкерлерге және ерікті жалдама құрамдағы тұлғаларға – екі мың теңге;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде фашисттер мен олардың одақтастары құрған концлагерде болған, бұрынғы кәмелетке толмаған, мәжбүрлі түрде ұсталған тұтқындарға - екі мың теңге;
Тармақша 4
4) Ленинград қаласында қоршау кезеңінде өндірістерде, мекеме, ұйымдарда жұмыс істегендерге және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – екі мың теңге;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысы жылдарындағ мінсіз әскери қызметі және батыл еңбегі үшін, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері және медалдерімен марапатталған адамдарға – екі мың теңге;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің, (хабарсыз кеткендердің) қайталап некеге отырмаған зайыптары (жұбайлары) - екі мың теңге;
Тармақша 7
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне) – екі мың теңге;
Тармақша 8
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында алты ай еңбек еткен азаматтарға – екі мың теңге.
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген зейнетақы мөлшерінен аспайтын, жасына қарай зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету – ай сайын екі жүз теңге., әлеуметтік көмек Саран қаласы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған жасына қарай зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алушыларының тізіміне сәйкес, төмендегі құжаттарды қосымша өткізу арқылы жүргізілсін: жазбаша өтініш, өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі, тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 10
10) алынып тасталды – Қарағанды облысы Саран қаласының мәслихатының 28.03.2008 № 88 (қалалық «Ваша газета» гезетінде ресми жарияланған күннен кейін, он күн өткен соң қолдаңысқы енеді);
Тармақша 11
11) Балаларды қорғау күніне мүгедек - балаларға – екі мың теңге, әлеуметтік көмек Саран мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде жүргізілсін.
Тармақша 12
12) Халықаралық мүгедектер күніне, мүгедектерге - екі мың теңге, әлеуметтік көмек Саран мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығындағы тізім бойынша жазбаша өтінішімен қоса жеке куәлігін, тіркелген салықтық нөмірін және екінші деңгейлі банктегі шот нөмірін көрсеткенде беріледі.
Тармақша 13
13) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық шығындарды өтеуге. Әлеуметтік көмек көрсету нормативі пайдалы алаң көлемі 30 шаршы метр белгіленсін. Бір адамға коммуналдық қызметтер тұтыну: газ - айына 10 килограмм, нақты шығын бойынша электр қуатЫ кемінде 150 кВт. Суық су, кәріз, қоқыс жинау, эксплуатациялық шығындар нормасы басқару нысанына (пәтер иеленушілер кооперативі, өз-өзін басқару комитеті, үйлер комитеті) қарамастан, өкілетті органдармен бекітілген тарифтер негізінде белгіленеді. Үйді ұстау және коммуналдық шығындарды белгіленген нормадан тыс пайдаланулар төлемақысы жалпы негізде жүзеге асырылады.
Тармақша 14
14) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар тізімі негізінде, әр алышуға екі есептік көрсеткіш көлемінде айына бір рет төлем жүргізілсін;
Тармақша 15
15) Туберкулезбен ауыратын азаматтарға - курорттық – санатория мекемелеріне баруға. Төлем көрсетілген билет құны мөлшерінде (бару және қайту) курорттық – санатория мекемесінің көшірмесі, жеке куәлігінің және азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі;
Тармақша 16
16) 1, 2 топтағы мүгедектерге қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге – ай сайын екі жүз теңге, әлеуметтік көмек Саран мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған 1, 2 топтағы мүгедектерге төленетін жәрдемақы алушылар тізіміне сәйкес, төмендегі құжаттарды қосымша өткізу арқылы жүргізілсін: жазбаша өтініш, өтініш берушінің жекелігін растайтын құжат, тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 17
17) Көз ауруы бойынша 1 топтағы мүгедектерге және 2 топ мүгедектері және мүгедек арбасымен жүретін 1 топтағы мүгедектерге және 2 топ мүгедектері - «Такси» көрсеткіші бар арнауландырылған көлік қызметімен қамтамасыз ету үшін – ай сайын екі мың теңге, төлем төмендегі құжаттар негізінде жүргізілсін: жазбаша өтініш, өтініш берушінің жекелігін растайтын құжат, тіркеу кітабының көшірмесі, дәрігерлік - әлеуметтік сараптау қортындысының көшірмесі, мүгедектерді жеке сауықтыру бағдарламасының көшірмесі (мүгедектер арбасын қолданатындар үшін);
Тармақша 18
18) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаторлық емделу кезінде 10515 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жасалсын. Төлем жеке басы куәлігінің мәліметтерін, тіркеу салық нөмірін, екінші деңгейдегі банкта ашылған шотты көрсетумен денсаулық сақтау органдарының тізімдері негізінде жасалсын;
Тармақша 19
19) басқа мемлекеттер аймағында жауынгерлік әрекетіне қатысушы тұлғаларға, Чернобыль атом электростанциясында апат зардап жоюына қатысқандарға 5000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жасалсын. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде және екінші деңгейдегі банкте шөт нөмірі бар алушының жазбаша өтініші, жеке куәлігінің, тіркелген салық нөмірінің көшірмесін көрсеткенде жүргізілсін;
Тармақша 20
20) 18 жасқа дейінгі балалары бар мемлекеттік балалар жәрдемақасын алатын отбасылар тізімі негізінде әр балаға ай сайын екі есептік көрсеткіш негізінде жүргізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 1 тармағында көрсетілген 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) санаттағылар үшін әлеуметтік көмек төлемі Саран мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ұсынған тізім негізінде және екінші деңгейлі банкте шот нөмірі бар алушының жазбаша өтініші, жеке куәлігінің, тіркелген салық нөмірінің көшірмесін көрсеткенде жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің 1 тармағының 15), 16) тармақшаларындағы алушыларға төлем бірдей негізде жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Қосымша әлеуметтік көмек құқығы бар әртүрлі негіздегілерге төлем бірдей жүргізілуі керек, 1 тармақтың 9), 10), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларынан басқа.
Тармақ 5
5. «Саран қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р. Б. Малшыбековаға) Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша шараларды уақытында қаржыландыру қамтамасыз етілсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджеттік жоспарлау бойынша тұрақты комиссияға – К. Қ. Сатоваға, әкімнің орынбасарлары – М. Е. Блокқа, Л. Н. Кимге жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, он күннен кейін, қалалық «Ваша газета» газетінде ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.