О бюджете района на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған аудан бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңына сәйкес аудан мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудан бюджеті №1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 1736558,0 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 190314,0мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер -591,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 3284,0мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 1542369,0мың теңге.
Тармақша 2
2) шығындар: - 1736558,0 мыңтеңге.
Тармақ 2
2. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес қалыптасып, мынадай салық түсімдерінің есебінен белгіленсін:
төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;
төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы;
қызметін біржолғы талон бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
бірыңғай жер салығы;
акциздер, республикалық бюджеттен түсетін акциздерді есептемегенде;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;
республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баждан басқа, мемлекеттік баж.
жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтар.
Тармақ 3
3. 2007 жылға арналған аудан бюджеті кірістерінің қалыптасуы мынадай салыққа жатпайтын түсімдер есебінен белгіленсін:
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың (аудан әкімдігінің) таза кірістер бөлігінің түсімдері;
аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
иесіз мүлікті сатудан түскен түсімдер, коммуналдық меншікке белгіленген тәртіпте өтеусіз аударылған мүліктер, бақылаусыз қалған жануарлар, табылғандар, және де мемлекеттің мұрасы құқығына аударылған мүліктер;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұсынған қызметтерді жүзеге асырудан түскен түсімдер;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын басқа да айыппұлдар, өсімпүлдар, санкциялар,өндіріп алулар;
басқа да салықтық емес түсімдер;
мүлікті жария етуден түскен алымдар.
Тармақ 4
4. Аудан бюджетінің кірістерінің қалыптасуы мынадай ел ішіндегі қаржылық активтерді сатудан түскен түсімдер есебінен белгіленсін:
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың кешенді мүлік түрінде сатудан, аудан әкімдігінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының шаруашылық жүргізу немесе оперативтік басқармасында тұрған басқа мемлекеттік мүліктерді сатудан түскен түсімдер.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған субвенцияның облыстық бюджеттен аударылған аудан бойынша бюджет көлемі 1277466 мың теңге көзделсін.
Тармақ 6
6. 2007 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстарында селолық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет мамандарына әлеуметтік көмек көрсетуге, отын сатып алуға төлемдер көлемі 1000 теңгеден кем емес мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылға мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметшіге жатпайтын мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының жалақысын толық көлемде төлеу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 8
8. Селолық жерлерде жұмыс істейтін, мемлекеттік қызметкерге жатпайтын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарына, олардың лауазымдық жалақыларын (тарифтік ставкаларын) қалалық жағдайда қызметтің осы түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда 25 пайызға көтеру қарастырылып, сақталсын.
Тармақ 9
9. 2007 жылға арналған жергілікті атқарушы органдардың резерві 2500 мың теңге мөлшерінде бекітілсін, оның ішінде:
- шұғыл шығындарға арналған жергілікті атқарушы органының резерві - 2300 мың тенге;
- сот шешімдер бойынша міндеттемелерді орындау үшін жергілікті атқарушы органының резерві - 200 мың тенге;
Тармақ 10
10. 2007 жылға арналған бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлінуімен 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің орындалу үдерісінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың секвестрлеуге жатпайтындығы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 12
12. 2007 жылға арналған ауданның жергілікті бюджетінің шығыстарында аз қамтылған жанұялардан 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеуге көзделген төлемдер мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек есебінен 40223 мың теңге ескерілсін.
Тармақ 13
13. 2008 жылға арналган бюджетте республикалық бюджеттен сомасы 264903,0 мың. теңге трансферттер ескерілсін, соның ішінде:
Тармақша 1
1) Қаржы салымының шешімін іске асыру жобасының сомасы 169491,0 мың. тенге, соның ішінде: су тарату құбырларын қайта жаңарту Булаев қ. - 169491,0 мың.теңге.:
Тармақша 2
2) Электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамыту сомасы 5252,0 мың. тенге;
Тармақша 3
3) 2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына - 77544,0 мың. тенге, соның ішінде: бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика, химия, биология кабинеттерін жарақтандыруға - 28088,0 мың.теңге; бастауыш, орта негізгі және жалпы орта білім беретін мемлекеттік салаларында интерактивті жүйені оқытуға еңгізуіне - 21751,0 мың.теңге; бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедия кабинеттерді жасауға- 27705,0 мың.теңге;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеміне- 6502,0мың. теңге;
Тармақша 5
5) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлеқеттік жәрдемақылар төлеміне-5792,0 мың.теңге;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылығын оқытуға - 322,0мың.теңге.
Тармақ 14
14. Көзделген сомаларды тарату бюджеттік бағдарлама әкімгерлерімен облыс әкімдігінің 2008 жылға арналған бюджеті туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулысымен анықталады
Тармақ 15
15. 2008 жылға арналған селолық округтердің бюджеттік бағдарламасының тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 16
16. Осы шешім 2008 жылдың 1 каңтарынан бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі аппаратының
құқықтық сұрақтар
жөніндегі кеңесші
Н.Годлевская
19.12.2007 г.
Басқа 25. Мағжан Жұмабаев ауданының 2008 жылға арналған аудан бюджеті
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 4-1 шешіміміне
1-қосымша
Мағжан Жұмабаев ауданының 2008 жылға арналған аудан бюджеті
Басқа 26. Мағжан Жұмабаев ауданы селолық округтерінің 2008 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 4-1 шешіміміне
2-қосымша
Мағжан Жұмабаев ауданы селолық округтерінің 2008 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары
Басқа 27. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің орындалу үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарлама тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 4-1 шешіміміне
3-қосымша
2008 жылға арналған аудан бюджетінің орындалу үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарлама тізбесі
Басқа 28. 2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 4-1 шешіміміне
4-қосымша
2008 жылға арналған аудан бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі
Басқа 29. Перечень целевых трансфертов из республиканского бюджета программ развития
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
19 желтоқсандағы № 4-1 шешіміміне
5-қосымша
Перечень целевых трансфертов из республиканского бюджета программ развития