Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы “Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-2) тармактарына, “Қазакстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазакстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармағына сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Таран ауданы бойынша жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. “Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыс орындарына жұмыска орналасуына жіберуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермагамбетовке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.