О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес және халықтың нысаналы тобын жұмыспен қамтуга әрекеттесу мақсатында, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтары ретінде кслесі тұлғалар тізімі бекітілсін:
Тармақша 1
1) аз қамтылғандар;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы немесе жалғызбасты ата-аналар;
Тармақша 3
3) 16-дан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар;
Тармақша 4
4) 21 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 5
5) 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар 23 жасқа дейін;
Тармақша 6
6) зейнет алды жастағы тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуға 2 жылы бар);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) тандығынан айырылған немесе емделугс мәжбүр еткен жерлерден босатылғандар;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босатылған тұлғалар;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрдайым күтім, көмек немесе бақылау қажет ететіндер қатарына жатқызылған тұлғаларды асырайтын азаматтар;
Тармақша 11
11) оралмандар;
Тармақша 12
12) 50 жастан асқан кісілер;
Тармақша 13
13) ұзақ уақыт (жылдан астам) жұмыс істемеген азаматтар;
Тармақша 14
14) жоғары оқу орындарының және арнайы - орта оқу орындарының 23 жасқа дейінгі түлектері.
Тармақ 2
2. “Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтағы тіркелгеп жұмыссыздардың, лауазымды және бос жұмыс орындарына, кәсіптік дайындауға, біліктігін көтеруге, қоғамдық жұмыстарға қатысуға және басқа да әлеуметтік қорғау іс-шараларын көрсетуге басымды құқықтарының болуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғаларды жұмыспен қамтылуының ай сайынғы мониторингін жүргізіп отырсын.
Тармақ 3
3. “2007 жылғы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту туралы” Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 375 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-18-44, 2007 жылғы 15 ақпандағы № 7 “Шамшырақ”) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермагамбетовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.