О районном бюджете на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 63 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет №1 қосымшага сәйкес төменде көрсетілген мөлшерде бекіту:
Тармақша 1
1) кірістер - 1 233 722 мың тенге; соның ішінде: салық кірістері - 161 753 мың тенге; салықтан тыс кірістер - 628 мың тенге; негізгі капиталды сатудан түскен кірістер - 3 700 мың тенге; трансферттер түсімдері - 1 067 641 мың тенге;
Тармақша 2
2) шығындар - 1 233 722 мың тенге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0;
Тармақша 4
4) таза бюджет несиелері - 0; соның ішінде: бюджеттік несиені өтеу - 0;
Тармақша 5
5) қаржылық активтермен операция сальдосы - 0; соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 ; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсім - 0;
Тармақша 6
6) тапшылық (профицит) - 0;
Тармақша 7
7) тапшылықты қаржыландыру (профицитті қолдану) - 0;
Тармақ 2
2. 2008 жылғы аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне сәйкес төменде көрсетілген салық төлемдері есебінен калыптастырылатындығын белгілеу: әлеуметтік салық төменде көрсетілген бюджеттер қатарына енгізілген сомалардан баска; жеке табыс салығы төменде көрсетілген бюджеттер қатарына енгізілген сомалардан баска; жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; жер салығы; көлік құралдарына салынатын салық; бірыңғай жер салығы; акциздер, республикалық бюджетке түсетін акциздерден тыс; жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемдер; кәсіпкерлік және кәсіби қызметпен айналысатындардан алынатын алымдар; мемлекеттік баж, республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баждан тыс.
Тармақ 3
3. 2008 жылғы аудандық бюджет кірістері төмендегі салыққа жатпайтын түсімдер есебінен қалыптастырылатындығын белгілеу: коммуналдық меншікке жататын мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; жергілікті бюджетке өзге салықтық емес түсімдер
Тармақ 4
4. 2008 жылғы аудандық бюджет кірістері елдің ішінде қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер арқылы қалыптасуын белгілеу: коммуналдық мемлекеттік мекемелер және мүліктік кешендер түріндегі мемлекеттік кәсіпорындар, шұғыл басқаруға жататын немесе мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуін сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 5
5. 2008 жылғы аудандық бюджет шығыстарында ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет бөлімдерінің мамандарына әлеуметтік көмек жасау ретінде отын сатып алуын қарастыру.
Тармақ 6
6. 2008 жылғы мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік мекемелердің жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер емес қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларына еңбек ақыларын толық көлемде төлеу қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік қызметшілер емес мамандарға осы салада қызмет атқаратын қалалық мамандар ставкасымен салыстырғанда 25 пайыздан кем емес мөлшерде еңбекақысын көтеру (тарифтік ставкалар) сақтау.
Тармақ 8
8. 2 қосымшаға сәйкес күрделі жөндеу және материалды-техникалық жабдықтау бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 9
9. 3 қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға бөлу арқылы 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламасын дамыту тізбесін бекіту.
Тармақ 10
10. 4 қосымшаға сәйкес мұқтаж азаматтардың бөлек санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын бекіту.
Тармақ 11
11. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте аз табысты отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған 17 719 мың теңге сомасына жәрдемақысын төлеу шығындары қарастырылды.
Тармақ 12
12. 5 қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару барысында, жергілікті бюджет бағдарламалары секвестрге жатпайды.
Тармақ 13
13. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 21. 2008 жылға арналған Ақжар ауданының бюджеті
2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 4-2 Ақжар аудандық мәслихат сессиясының шешіміне 1 қосымша 2008 жылға арналған Ақжар ауданының бюджеті
Басқа 22. 2008 жылғы іргелі жөндеу мен материалдық-техникалық базаны бекітуге арналған бағдарлама тізбесі
2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 4-2 Ақжар аудандық мәслихат сессиясының шешіміне 2 қосымша 2008 жылғы іргелі жөндеу мен материалдық-техникалық базаны бекітуге арналған бағдарлама тізбесі
Басқа 23. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік жобалармен бағдарламаларға бөлінген бағдарламарының тізбесі
2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 4-2 Ақжар аудандық мәслихат сессиясының шешіміне 3 қосымша 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік жобалармен бағдарламаларға бөлінген бағдарламарының тізбесі
Басқа 24. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің жергілікті шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың бөлек әлеуметтік көмек көрсету
2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 4-2 Ақжар аудандық мәслихат сессиясының шешіміне 4 қосымша 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің жергілікті шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың бөлек әлеуметтік көмек көрсету
Басқа 25. 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару барысында жатпайтын, жергілікті бюджет бағдарламасының тізбесі
2007 жылдың 21 желтоқсанындағы № 4-2 Ақжар аудандық мәслихат сессиясының шешіміне 5 қосымша 2008 жылға арналған жергілікті бюджетті атқару барысында жатпайтын, жергілікті бюджет бағдарламасының тізбесі