2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2004 Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі «Бюджет Кодексіне», Қазақстан Республикасының «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазакстан Республикасы Занының 6 бабына және Қызылорда облыстық Мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы кезекті III сессиясының «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» №41 шешіміне сәйкес Қазалы аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 -қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер - 3113567 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 640621 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1400 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 2150 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 2469396 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер- 84117 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері - 50000 мың теңге;
субвенция - 2335279 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар - 3113567 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо - 0 теңге;
Тармақша 4
4) таза бюджеттік кредит беру - 0 теңге; бюджеттік кредиттер - 0 теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
Тармақша 5
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо- 0 теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
Тармақша 6
6) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;
Тармақша 7
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 0 теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджет пен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативі белгіленсін:
әлеуметтік салық облыстық бюджетке - 10 пайыз, аудандық бюджетке 90 пайыз.
әлеуметтік салык облыстық бюджетке - 10 пайыз, аудандык бюджетке 90 пайыз.
Тармақ 3
3. Ауылдық жерлерде тұрып жұмыс істейтін денсаулык сактау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының қызметшілеріне отын сатып алуға жергілікті бюджеттен берілетін бір жолгы акшалай төлемдер 4500 теңге көлемінде бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандык бюджетте 1999 жылдың 26 шілдесінде «Отан», «Даңқ» ордендерімен марапатталған, «Халық каһарманы» атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарға қоғамдық көліктің барлық түрлеріне (таксиден басқа) жүру жеңілдіктері бөлігі бойынша және тұрғын үй коммуналдык қызмет шығындары бойынша есептік айлык көрсеткіштің 1,9 көлемінде бөлінетін әлеуметтік көмек белгіленсін.
Тармақ 5
5. Жергілікті бюджеттін орындалуы барысында 2-қосымшаға сәйкес шығындар секвестрлеуге жатпайтыны ескерілсін.
Тармақ 6
6. Бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік багдарламаларға бөлінген 2008 жылга арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламасының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Аудандық жергілікті аткарушы органның 2008 жылға арналған резерві 3000 мын теңге көлемінде белгіленсін.
Тармақ 8
8. Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеу шығындарының ең төменгі көлемі 40309 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 9
9. Күрделі сипаттағы шығындардың ең төменгі көлемі ағымдағы шығындардың 2 % болып анықталсын.
Тармақ 10
10. Қала, кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының 2008 жылға арналған жеке жоспарының қаржылар көлемі 4-қосымшаға сңйкес бекітілсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.