Об организации оплачиваемых общественных работ в 2008 году по Буландынскому району Қолданыста
Басқа 0
2008 жылда Бұланды ауданы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес халықты жұмыспен қамтудағы мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылда Бұланды ауданы бойынша жұмыссыз азаматтар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын қалалық және ауылдық округтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қосымшада берілген тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес қалалық және ауылдық округтерде, ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы іс жүзінде істеген жұмысы үшін, аудандық бюджет қаражаты есебінен, 2008 жылға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген ең аз айлық жалақы мөлшерінен аз емес көлемде төленсін.
Тармақ 4
4. Бұланды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 19 ақпанда № 1-7-40 болып тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы-Вести Буланды» газетінің 2007 жылғы 23 ақпанындағы № 8 санында жарияланған «Бұланды ауданы бойынша 2007 жылда ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № а-2/19 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2008 жылғы 3 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 7
7. Қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми түрде жариялануға тиіс.
КЕЛІСІЛДІ
Макинск қаласының әкімі Ш.Қ.Шолахов
16.01.08 ж.
Бұланды аудандық жер
қатынастары бөлімі
бастығының міндетін атқарушы Е.Н.Нұрмұханов
16.01.08
Шаруашылық жүргізу
құқығындағы «Макинск-Жылу»
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорыны директорының
міндетін атқарушы B.Е.Мухин
16.01.08 ж.
«Бұланды аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің меңгерушісі К.Н.Исмағамбетова
16.01.08 ж.
«Бұланды аудандық қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
меңгерушісі Г.П.Вахрушева
16.01.08 ж.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы
«Макинск-Су» мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорынының
директоры С.В.Гранкин
16.01.08 ж.
Басқа 8
Бұланды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 16.01 № а-1/2
қаулысымен бекітілген
2008 жылда Бұланды ауданы бойынша жұмыссыз азаматтар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын қалалық және ауылдық округтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі
Р/с
Қалалық, ауылдық округтердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың атаулары
Қоғамдық жұмыстың түрлері
Адам саны
Орындалатын айы
Қаржыландыру көзі
1.
Айнакөл ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
3
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
2.
Амангелді ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
3
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
3.
Вознесенка ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
6
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
4.
Даниловка ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
7
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
5.
Журавлевка ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
8
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
Жалғыз және қарт зейнеткерлер мен мүгедектерді күту
2
Жыл бойы
Аудандық бюджет
6.
Ерголка ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
6
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
7.
Капитоновка ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
5
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
8.
Карамышевка ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
6
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
9.
Қараөзек ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
12
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
10.
Никольск ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
9
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
11.
Новобратск ауылдық округі
Көгалдандыру және көркейту
3
Мамыр-тамыз
Аудандық бюджет
12.
Макинск қалалық әкімінің аппараты
Ұйымдастыруға байланысты курьерлік жұмыстар
23
Жыл бойы
Аудандық бюджет
13.
«Макинск-Жылу» шаруашылық жүргізу кұқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Коммуналдық шаруашылыққа аумақты тазартуға көмектесу
6
Жыл бойы
Аудандық бюджет
14.
«Макинск-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
Қардан қалашық салу, кардан тазарту, көгалдандыру және көркейту, көпшілік- мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге көмектесу
59
Жыл бойы
Аудандық бюджет
15.
Аудандық жер қатынастары бөлімі
Құжаттарды өңдеуге көмек
1
Жыл бойы
Аудандық бюджет