Об организации социальных рабочих мест в Буландынском районе в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылда Бұланды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 18-1-бабының, және Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 25 ақпанда № 1570 тіркелген, «Ақмола облысында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру ережелерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № а-2/49 қаулысының негіздерінде халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпорындарда 2008 жылда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтарды орналастыру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қосымша берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс беруші шығынының бір бөлігін өтеу негізінде аудандық бюджет есебінен төленсін.
Тармақ 4
4. «Бұланды аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды 2008 жылғы ауданның әлеуметтік- экономикалық орта мерзімді даму жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Кейін 2007 жылғы 20-шілдедегі № а-7/148 қаулысымен өзгеріс енгізілген, Бұланды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 19 ақпанда № 1-7-41 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы-Вести Буланды» газетінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 8 санында жарияланған «2007 жылда Бұланды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № а-2/20 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы 2008 жылғы 3 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тармақ 8
8. Қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жариялануға тиіс. КЕЛІСІЛДІ «Бұланды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі К.Н.Исмағамбетова 16.08.08 ж. «Бұланды аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі Г.П.Вахрушева 16.08.08 ж. «Макинск металл құю-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ә.С.Қанатбаев 16.08.08 ж. «Бұланды тас карьері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Т.Е.Шоланов 16.08.08 ж.
Басқа 9
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 16.01. № а-1/3 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындардың тізбесі Р/с Кәсіпорындар атауы Әлеуметтік жұмыс орындарының саны 1. «Бұланды тас карьері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 2. «Макинск металл құю-механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15