Об утверждении ставок ежемесячной платы за размещение наружной (визуальной) рекламы на территории города Шахтинска и прилегающих поселков на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шахтинск қаласының аумағында және оның маңындағы кенттердің 2008 жылға арналған сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қаласының аумағында және оның маңындағы кенттердің 2008 жылға арналған объектілер бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 277/32 «2007 жылға арналған жарнамаларды орналастыру үшін төлемақы ставкасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-8-37 тіркелген, 2007 жылғы 1 маусымдағы «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
2008 жылғы 17 қантардағы қалалық Мәслихаттың ІV сессиясының № 383/4 шешіміне Қосымша Шахтинск қаласының аумағында және оның маңындағы кенттердің сыртқы (көрнекі) жарнаманы (бір тарапқа) орналастырғаны үшін ай сайынғы төлемнің мөлшерлемелері № Сыртқы жарнамалар объектілерінің түрлері Ай сайынғы төлемақы мөлшерлемесі (айлық есептеу көрсеткішінде) 1 Сыртқы жарнама объектісі 1 шаршы метрге дейін (жер үстіндегі,қабырғаға ілінген, үй төбелерінде орналастырылған) 1 2 1,1 ден 5 шаршы метрге дейін (жер үстіндегі, қабырғаға ілінген, үй төбелерінде орналастырылған) 2 3 5,1 ден 10 шаршы метрге дейін (жер үсіндегі, қабырғаға ілінген, үй төбелерінде орналастырылған) 3 4 10,1 ден 20 шаршы метрге дейін (жер үстіндегі, қабырғаға ілінген, үй төбелерінде орналастырылған) 6 5 20,1 ден 50 шаршы метрге дейін (жер үстіндегі, қабырғаға ілінген, үй төбелерінде орналастырылған) 12 6 50,1 ден 100 шаршы метрге дейін (жер үстіндегі, қабырғаға ілінген, үй төбелерінде орналастырылған) 14 7 Шағын сәулет түрлерінде және уақытша сипаттағы павильондарда және дүңгіршектердегі жарнама. 1