О проведении общественных работ в районе в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдармен жасасқан шарттар бойынша 300 жұмыссыз адам үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар өтетін аудан ұйымдарының тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі (2 қосымша) бекітілсін.
Тармақ 4
4. Тұрғындардың мақсатты топтағы асырауында 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы аналар, 3-топтағы мүгедектер, медициналық – бақылау комиссиясының әлеуметтік сараптамасы анықтамасы бойынша еңбекте шектеулері бар азаматтары арасындағы жұмыссыздар үшін еңбек ақысын толық төлеумен 36-сағаттық жұмыс аптасы және икемді жұмыс кестесі қарастырылсын. 3-топтағы мүгедектер және медициналық – бақылау комиссиясының әлеуметтік сараптамасы анықтамасы бойынша еңбекте шектеулері бар азаматтар арасындағы жұмыссыздар денсаулық жағдайларына сәйкес, медициналық мекеме ұсынатын жұмыс түрлері бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберілсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төлемақы Қазақстан Республикасының 2007 жылы 6 желтоқсандағы «2008 жылғы арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен бекітілген ең төмен айлық еңбекақыдан кем емес мөлшерде белгіленсін.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көлемі 2008 жылға бекітілген аудан бюджетіне сәйкес 002 100 «Қоғамдық жұмыстар» кіші бағдарламасы бойынша анықталсын.
Тармақ 7
7. Павлодар ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 17 қаңтарда № 12-11-39 тіркелген, 2007 жылғы 1 ақпанда № 5 (7605) «Нива» газетінде жарияланған, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы «Ауданда 2007 жылы қоғамдық жұмыстар өткізу туралы» № 3/1, Павлодар ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 24 мамырда № 12-11-59 тіркелген, 2007 жылғы 7 маусымда № 23 (7623) «Нива» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 20074 жылғы 14 мамырдағы № 173/5 «Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 3/1 «Ауданда 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы», Павлодар ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 20 қарашада № 12-11-69 тіркелген, 2007 жылғы 29 қарашада № 48 (7648) «Нива» газетінде жарияланған аудан әкімдігінің 2007 жылғы 8 қарашадағы № 375/11 «аудан әкімдігінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы № 3/1 «Ауданда 2007 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы» қаулыларының күші жойылған деп саналсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ш. Шәмкеноваға жүктелсін.
Басқа 10. 2008 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін Павлодар ауданы ұйымдарының ТІЗБЕСІ
Павлодар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «21» қаңтар № 16/1 «Ауданда 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы» қаулысына 1 қосымша 2008 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін Павлодар ауданы ұйымдарының ТІЗБЕСІ № Ұйымдар атауы Жіберілген жұмыссыз адамдардың саны Аудандық бюджет қаражатынан қаржыландыр – латын сомасы / млн. теңге 1 «Павлодар ауданы Пресное ауылы әкімінің аппараты» ММ 12 0,240 2 «Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 19 0,360 3 «Павлодар ауданы Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 17 0,327 4 «Павлодар ауданы Жетекші ауылы әкімінің аппараты» ММ 14 0,251 5 «Павлодар ауданы Заря ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 27 0,594 6 «Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 14 0,251 7 «Павлодар ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 26 0,573 8 «Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округі әкімінің аппраты» ММ 24 0,447 9 «Павлодар ауданы Луганск ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 12 0,207 10 «Павлодар ауданы Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 12 0,240
Басқа 11. Қоғамдық жұмыстар түрлерінің ТІЗБЕСІ
Павлодар ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «21» қаңтар № 16/1 «Ауданда 2008 жылы қоғамдық жұмыстарды өткізу туралы» қаулысына 2 қосымша Қоғамдық жұмыстар түрлерінің ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Елді мекендер аумақтарын, қар бұрқасындарын қолмен жинау, көк тайғақ пен күрес. Қоқыс шығару, ескі құрылыстарды бұзу.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік – мәдени объектілерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарында көмек көрсету.
Тармақ 3
3. Тарих және мәдениет ескерткіштерін, кешендер мен қорықтарды, қалпына келтіру жұмыстарында көмек көрсету.
Тармақ 4
4. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру: көгалдандыру, аумақтарды көріктендіру, көктемде, күзде ағаш отырғызу, жасыл ағаштарға жазда су құю.
Тармақ 5
5. Мәдени ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру, спорт жарыстарын, спартакиадаларды, фестивальдерді өткізу жұмыстарында көмек көрсету.
Тармақ 6
6. Ауыл тұрғындарын, қосалқы шаруашылықтарды (мал, құс) есепке алуға көмек көрсету.
Тармақ 7
7. Учаскелік комиссияларға құжаттарды рәсімдеу, үйлерді және ауылдарды аралауға көмек көрсету.
Тармақ 8
8. Ауылшаруашылық зиянкестерімен күрес жөніндегі маусымдық науқандарға қатысу.
Тармақ 9
9. Болуы ықтимал инфекция ауруларының ошақтарын жоюға көмек беру (ит ұстау, кеміргіштерді жою, малды вакциналау).
Тармақ 10
10. Құжаттарды рәсімдеу кезінде көмек көрсету (қайта тіркеу, құжаттарды айырбастау жөніндегі компаниялар).