2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру және халыктың нысаналы топтарына жататын адамдардың тізбесін анықтау туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған ақылы қоғамдық
жұмыс орындарын ұйымдастыру және
халықтың нысаналы топтарына жататы
адамдардың тізбесін анықтау туралы
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету, халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды жүзеге асыру, сондай- ақ материалдық өндіріс орнындағы қамту қызметін және тағы басқа жұмыстарға байланысты туындайтын түйінді мәселелерді жедел шешуге, еңбекке тартылмаған адамдарды пайдалануды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылы 23 қантардағы № 149-II Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II Заңның 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зайсан ауданы бойынша 2008 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зайсан ауданы бойынша 2008 жылғы халықтың нысаналы топтарының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Зайсан ауданының 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыс орындары ұйымдастырылатын қала, ауылдық округі әкімдері, мекеме, кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер тізбесі 3- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Төлемді қоғамдық жұмыстарға тартылатын адамдарға төленетін еңбекақы Қазақстан Республикасындағы бекітілген төменгі еңбекақы мөлшерінен кем болмасын.
Тармақ 5
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (Б. Қинашев) төлемді қоғамдық жұмыстарды ауданның мекеме, кәсіпорын, ұйымдарда және жеке кәсіпкерлерде жүргізуді, оған жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемелекеттік мекемесіне тіркелген азаматтарды жіберуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 6
6. «2007 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру және халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың тізбесін анықтау туралы» Зайсан ауданы экімдігінің 2006 жылғы 9- қарашадағы № 629 қаулысының (нормативтік құқықтық акті 5-11-52 нөмірмен тіркелген, 2007 жылғы 19- қарашада «Достык» газетінің № 48 санында жарияланды) күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Зайсан ауданы бойынша 2008 жылғы ақылы коғамдық жұмыстар
түрлерінің тізбесі
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 101
Зайсан ауданы әкімдігінің қаулысына
1 - қосымша
Зайсан ауданы бойынша 2008 жылғы ақылы коғамдық жұмыстар
түрлерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қалалар, елді мекендер, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық - коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Құрылыс және жол жөндеу, су құбыры бойынша қосалқы жұмыстар.
Тармақ 3
3. Мелиорация жұмыстарына, су тасқынына қарсы шараларды өткізуге, үлкен және кіші көпірлерді, басты каналдардың арналарын, арықтарды, жылғаларды, өзендерді тазалауға қатысу.
Тармақ 4
4. Құрылыс, жаңғырту, әлеуметтік - мәдени обьектілерді жөндеу жөніндегі жұмыстар.
Тармақ 5
5. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту).
Тармақ 6
6. Мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар және т. б.) тұрғылықты жер бойынша балалар мен жас өспірімдердің дем алуын ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету. Халық санағын, әскери комиссариаттарда, салық органдарында, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу.
Тармақ 8
8. Малды, құсты бордақылауға, көкеніс және дәнді дақылдар өсіру жөнінде маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар.
Тармақ 9
9. Құқык тәртібін және обьектілерді, оның ішінде саяжай учаскелерін қорғау.
Тармақ 10
10. Мерзімдік жылыту жұмыстары.
Тармақ 11
11. Жұмыстардың басқа түрлері.
Зайсан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Б. Қинашев
Басқа 21. Зайсан ауданы бойынша 2008 жылғы
халықтың нысаналы топтарының тізбесі.
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 101
Зайсан ауданы әкімдігініғі қаулысына
2- қосымша
Зайсан ауданы бойынша 2008 жылғы
халықтың нысаналы топтарының тізбесі.
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар.
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. 50 және одан жоғары жастағы аз қамтылған адамдар.
Тармақ 12
12. Жазғы демалыс кезіндегі аз қамтылған отбасындағы студенттер.
Тармақ 13
13. Аз қамтылған отбасындағы жазғы демалыс кезіндегі 14 пен 18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары.
Тармақ 14
14. Нашақұмарлар.
Тармақ 15
15. Адамның иммун вирусымен зақымдалғандар.
Зайсан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Б. Қинашев
Басқа 37. Зайсан ауданының 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыс орындары ұйымдастырылатын қала, ауылдық округі әкімдері, мекеме, кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер ТІЗБЕСІ
2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 101
Зайсан ауданы әкімдігініғі қаулысына
3- қосымша
Зайсан ауданының 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыс орындары ұйымдастырылатын қала, ауылдық округі әкімдері, мекеме, кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер ТІЗБЕСІ
Зайсан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің меңгерушісі
Б. Қинашев