«2008 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы»
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын орындау мақсатында, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалық халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.И.Танкибаева) бекітілген тізбеге сәйкес 2008 жылы қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы 1 айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қалалық қаржы бөлімі (Н.А.Нұржанов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбек ақысын төлеуге қарастырылған қаржыны бекітілген қаржы жоспарына сәйкес уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.А.Алимбетовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Басқа 7. 2008 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі
Кентау қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы
№ 10 қаулысымен бекітілген
2008 жылға ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері мен көлемі
№
п/п
Ұйымдардың
тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны адам
1
Хантағы елді мекен әкім аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
30
2
Байылдыр елді мекен әкім
аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
20
3
Қарнақ ауыл әкім
аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
30
4
Ащысай елді мекен әкім аппараты
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. Көгалдандыру, ағаш отырғызу. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
30
5
Қалалық білім беру бөлімі
Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу. «Жазғы демалыс», «Мектептерге қамқорлық», «Кітапқа екінші өмір» пилоттық жобалар бойынша.
9
6
Ш.Қалдаяқов
атындағы
мәдениет
сарайы
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу. Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу.
10
7
Ішкі істер бөлімі
«Тәртіп», «Сақшы», «Консъерж бақылаушы» пилоттық жобалары. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
25
8
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық ұйымдарына көмек көрсету және аймақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру. Негізгі еңбек индикаторын анықтау.
340
9
Ішкі саясат бөлімі
Жастармен жұмыс жасауды ұйымдастыру. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
10
10
Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
«Мүгедек балалар», «Естелік» пилоттық жобалар. Әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
15
11
Дене
шынықтыру және спорт бөлімі
«Жазғы демалыс» пилотық жоба, әлеуметтік маңызы бар және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
6
12
Құрылыс
бөлімі
Әлеуметтік мәдени маңызы бар объектілерді жөндеуге көмектесу және басқада жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.
5
Барлығы
530
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1-6 ай. Іс жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2008 жылға арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.