2008 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13-шi тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңыньщ 7 бабының 5-4 тармақшасын, 18-1 бабын icкe асыру мақсатында, және Алматы облысы Әкімдігінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 277-ші «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы от 19.12.2007 г. № 13-13414 (2008 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы)
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Жұмыс бepyшiлep мен әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы кeлiciм-шapттapды жасау «Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi» Мемлекеттік Мекемесіне yәкiлeттi етілсін.
3. Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Мемлекеттік Мекемесі (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы):
1)2008 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыссыздар есебінде тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды әлeyмeттiк жұмыс орындарына жіберсін;
2)Жұмыс берушілердің жұмыссыздарға төлейтін еңбек ақы шығындарының бөлігін өтеу 2008 жылға аудандық бюджетте қарастырылған шектеулі қаржылар есебінен өтелсін;
3)жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысына төлеген шығындарының бөлігі ай сайын ең төмеңгі еңбек жалақысы мөлшерінде бeлгiлeнiп, жұмыссыздардың есеп шоттарына Қазпошта арқылы аударылсын.
4. Іле аудандық қаржы бөлімі (Дүйшенбаева Ләззәт Балиханқызы) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың ақшалай қаржысын мезгілінде бөлуді қамтамасыз етсін.
5. Іле ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі «2007 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы » № 4-2129-шы қаулысы 2007 жылы 16 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіміне № 2-10-50 болып енгізілген, 2007 жылы 18 мамырда «Іле таңы» газетінің № 21 санында жарияланған, орындалуына байланыста күшін жойсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімнің орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Іле ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «19» желтоқсан № 13-13414
"2008 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы”
қаулысына қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау ТӘРТІБІ
1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілер мен уәкілетті органдар арасында келісім-шарт негізінде, жұмыссыздардың мақсатты топтары үшін құрылады, жұмыс берушілерге жұмыссыздарға төленген еңбек акы шығындарының бөлігі өтеледі.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау төмендегі өлшемдер арқылы іске асырылады:
1)әлеуметтікж жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарға арнайы арналған болуы тиіс;
2)әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс орны болып табылады, оларды ұйымдастыру үшін туралы және бос жұмыс орындары қолданылмайды;
3)жұмыс берушілердің жұмысты икемді кесте арқылы және жартылай жұмыс күнін белгілеп ұйымдастыруына мүмкіндігі бар;
4)әлеуметтік жұмыс орындары әлеуметтік жағынан ттиімді де пайдалы болуы керек.