Об организации общественных работ в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саны 500 адамды қоғамдық жұмыстарға арналған сұраныстар мен ұсыныстар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, жұмыстардың түрлері, қатысушылардың еңбекақысының көлемімен бекітілсін (Қосымша).
Тармақ 3
3. «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Р.И. Меллятова):
Тармақша 1
1) осы қаулының 2 тармағында белгіленген барлық жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау шарттарын жасасын;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережелерімен қатаң сәйкестікте жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Б. Меллятов) 10515 теңге ең төменгі еңбекақы мөлшерін ескере отырып қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б. К. Егишевке жүктелсін.
Басқа 8
Шахтинск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы №1/16 қаулысына қосымша 1. Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар тізімі және айсайын жіберілетін жұмыссыздар саны:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемелер – 467 адам;
Тармақша 2
2) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 2 адам;
Тармақша 3
3) коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 31 адам. 2. Қоғамдық жұмыстар түрлері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік қызметті оңтайландыру;
Тармақша 2
2) қаланы көркейту және көгалдандыру;
Тармақша 3
3) аймақтық кампания;
Тармақша 4
4) объектілерді жөндеу және қайта құру;
Тармақша 5
5) оқу барысын және балалардың бос уақытын ұйымдастыр;
Тармақша 6
6) қайрымдылық бикесі қызметтерін көрсету. 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға бөлінген 7 453 000 теңге мөлшерін ескере отырып Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.