Об организации оплачиваемых общественных работ на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелеріне сәйкес, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыру үшін жұмыс орындарын беретін ұйым болып, бірінші басшысының келісімі бойынша, «Жәрдем-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 2008 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің қосымша берілген тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жәрдем-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша), “Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі” мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыруға шарт жасау үшін 2008 жылдарға арналған бекітілген қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесіне сәйкес Таран ауданының аумағында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу күніне сәйкес, кезекті тәртібінде есепте тұратын жұмыссыздарды кәсіпорындарына бағыттасын, халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарына қатысу үшін басымды құқықтары бар болады.
Тармақ 4
4. «Таран ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тізімде бекітілген және кәсіпорындар ұсынатын, орындалатын қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін, сапасын және қиындығын ескерсін.
Тармақ 5
5. «2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 370 қаулысы (мемлекеттік тіркеу мөмірі 9-18-42, 2007 жылғы 8 ақпан № 6 «Шамшырақ») күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8