Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2008 год областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на здравоохранение Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 11 және 16-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекітілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
Тармақша 1
1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын уақтылы және нысаналы пайдалануды;
Тармақша 2
2) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану туралы есептерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Басқа 7. 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 67 қаулысымен бекітілген 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тармақ 1
1. Осы 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:
Тармақша 1
1) 027 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
Тармақша 2
2) 028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
Тармақша 3
3) 038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтаудың медициналық ұйымдарын жергілікті деңгейде материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
Тармақша 4
4) 041 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде қан орталығын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2008 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде:
Тармақша 1
1) 2008 жылға арналған болжамды бағаларды ескере отырып, аурулар түрлерінің тізбесі мен амбулаториялық және стационарлық емдеу кезінде дәрілік заттардың, вакциналардың және басқа медициналық иммундық-биологиялық препараттардың бірыңғай номенклатурасын, сондай-ақ олардың көлемін айқындайды;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган бекіткен медицина техникасымен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең төмен нормативтерінің (стандарттарының) шеңберінде жергілікті деңгейдегі медицина ұйымдары мен мемлекеттік қан орталықтарына арналған медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келіседі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды, диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, онкологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды сатып алу жөнінде, облыстық және қалалық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, туберкулезге қарсы қызмет, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшін рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық, рентген диагностикалық стационарлық цифрлық, көп функциялы рентген диагностикалық, өкпені жасанды желдету, ингаляциялық наркозға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, ультрадыбыстық диагностикалық сканерлерді, инкубаторларды (кювездерді), операциялық микроскоптарды, магнитті резонансты томографтарды, компьютерлік томографтарды, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшін рентген-сәулелі аппараттарын, сондай-ақ жедел медициналық көмек қызметі үшін қымбат тұратын реанимобильдерді, санитарлық авиация қызметі үшін неонаталдық реанимобильдерді сатып алу жөніндегі конкурстардың бірыңғай ұйымдастырушысы болады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстық, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды басқару (диабетке қарсы препараттарды, туберкулезге қарсы препараттарды, онкологиялық сырқаттарға химиялық препараттарды сатып алу кезінде, облыстық және қалалық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, туберкулезге қарсы қызмет, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшін рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық, рентген диагностикалық стационарлық цифрлық, көп функциялы рентген диагностикалық, өкпені жасанды желдету, ингаляциялық наркозға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарын, ультрадыбыстық диагностикалық сканерлерді, инкубаторларды (кювездерді), операциялық микроскоптарды, магнитті резонансты томографтарды, компьютерлік томографтарды, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін жабдықтарды, онкологиялық ұйымдар үшін рентген-сәулелі аппараттарын, сондай-ақ жедел медициналық көмек қызметі үшін қымбат тұратын реанимобильдерді, санитарлық авиация қызметі үшін неонаталдық реанимобильдерді мемлекеттік сатып алу кезінде) және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау (вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу кезінде) органдарының өкілдері кіреді.
Тармақ 5
5. Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары облыстық және қалалық ауруханалар, аудандық және қалалық емханалар, бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, туберкулезге қарсы қызмет, облыстық және қалалық балалар ауруханалары, босандыру ұйымдары үшін рентген флюорографиялық стационарлық цифрлық, рентген диагностикалық стационарлық цифрлық, көп функциялы рентген диагностикалық, өкпені жасанды желдету, ингаляциялық наркозға арналған, ультрадыбыстық диагностика аппараттарынан, ультрадыбыстық диагностикалық сканерлерден, инкубаторлардан (кювездерден), операциялық микроскоптардан, магнитті резонансты томографтардан, компьютерлік томографтардан, кардиохирургиялық орталықтар (бөлімшелер) үшін жабдықтардан, онкологиялық ұйымдар үшін рентген-сәулелі аппараттарынан, жедел медициналық көмек қызметі үшін қымбат тұратын реанимобильдерден, санитарлық авиация қызметі үшін неонаталдық реанимобильдерден басқа, АИТВ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін, лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды сатып алу жөніндегі, қан орталықтары үшін жабдықтарды, жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдары үшін жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстардың ұйымдастырушылары болып әрекет етеді.
Тармақ 5-1
5-1. Гемофилиямен ауыратын ересектерді емдеу кезінде қанды ұйытатын VIII факторды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары болады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға беруінің бекітілген актісі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу үшін шарт болып табылады. Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады. Денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары объектіні пайдалануға беру кешіктірілген жағдайда 2008 жылғы 1 тамыздан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті қаржы жылына арнап бекітілген сома шегінде қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныстар енгізуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес аударуды жүргізеді.
Тармақ 8
8. Осы Ережеге қосымшаға сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің медицина ұйымдарының арасында медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлуді ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарына сәйкес денсаулық сақтауды жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне есептілік береді.
Басқа 24. 2008 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу мың теңге
2008 жылға арналған республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне денсаулық сақтауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне қосымша 2008 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу мың теңге Өңір­лер­дің ата­у­ла­ры Ауыл­дық дә­рі­гер­лік ам­бу­ла­то­ри­я­лар­ды, БМСК ор­та­лық­та­рын, ауыл­дық және қа­ла­лық жер­лер­де­гі ем­ха­на­лар­ды ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру Оның ішін­де ауыл­дық дә­рі­гер- лік ам­бу­ла- то­ри­я­лар БМСК ор­та­лық -та­ры ауыл­дық жер­лер- де­гі ем­ха­на- лар қа­ла­лық ем­ха­на- лар БМСК үшін бар­лы­ғы 1 2 3 4 5 6 Ақ­мо­ла 20 830 76 958 27 560 13 780 139 128 Ақ­тө­бе 3 800 0 41 340 13 780 58 920 Ал­ма­ты 3 690 50 072 0 0 53 762 Аты­рау 37 576 8 949 0 0 46 525 ШҚО 9 992 7 420 0 0 17 412 Жам­был 17 345 170 296 0 13 780 201 421 БҚО 7 768 33 757 13 780 13 780 69 085 Қа­ра­ған­ды 5 130 10 388 0 41 340 56 858 Қо­ста­най 51 768 0 68 900 41 340 162 008 Қы­зы­лор­да 107 414 112 092 55 120 13 780 288 406 Маң­ғы­стау 2 103 113 585 13 780 0 129 468 Пав­ло­дар 4 172 0 0 0 4 172 СҚО 71 967 18 493 27 560 13 780 131 800 ОҚО 0 0 68 900 68 900 137 800 Ал­ма­ты қа­ла­сы 0 64 546 0 0 64 546 Аста­на қа­ла­сы 0 0 0 0 0 Жиы­ны 343 555 666 556 316 940 234 260 1561311 кестенің жалғасы Өңір­лер- дің ата­у­ла­ры БМСК ұймм­да­рын са­ни­тар­лық ав­то­кө­лік­пен жа­рақ­тан­ды­ру оның ішін­де БМСК мен ЖМЖҚ үшін ауыл- дық дә­рі- гер- лік ам­бу- ла­то- рия- лар қа­ла- лық дә­рі- гер- лік ам­бу- ла­то- рия- лар БМСК ор­та лық- та­ры ауыл -дық жер- лер- де­гі ем­ха- на­лар қа­ла- лық ем­ха- на­лар же­дел және шұ­ғыл ме­ди- ци­на- лық жәр- дем стан- ция- ла­ры (бөл- ім­ше- ле­рі) 1 7 8 9 10 11 12 13 Ақ­мо­ла 16 100 0 11270 9 660 60128 97 158 Ақ­тө­бе 16 100 0 11270 8 400 0 35 770 Ал­ма­ты 8 050 20930 16100 16100 44000 105 180 Аты­рау 8 050 8 050 8 050 8 050 22000 54 200 ШҚО 24 150 16335 0 16100 7425 10080 74 090 Жам­был 24 150 17 820 17210 12 880 22000 94 060 БҚО 16 100 14 850 8 910 11270 14 850 15180 81 160 Қа­ра­ған­ды 22 540 22 275 0 16100 17 820 0 78 735 Қо­ста­най 21 000 2 300 2 970 10 500 94600 131 370 Қы­зы­лор­да 16 100 4 830 3 220 1 610 52064 77 824 Маң­ғы­стау 0 4 455 5 520 8 050 0 44000 62 025 Пав­ло­дар 1 610 4 455 2016 10080 10 395 6 048 34 604 СҚО 16 100 1 610 7 002 10 395 78352 113 459 ОҚО 24 150 7 425 0 16100 10 395 40360 98 430 Ал­ма­ты қа­ла­сы 0 11 750 0 41060 45540 98 350 Аста­на қа­ла­сы 0 5 940 0 0 31 650 54080 91 670 Жиы­ны 214200 75735 83736 154792 211190 588432 1328085 кестенің жалғасы Өңір­лер­дің ата­у­ла­ры Ту­бер­ку- лез­ге қар­сы ме­ке­ме- лер­ді жа­рақ- тан­ды­ру Ба­ла­лар мен босан­ды­ру ұй­ым­да­ры­ның жа­рақ­та­ну дең­гей­ін ме­ди­ци­на­лық жаб­дық­тар­мен және ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы бұй­ым­дар­мен жа­рақ­тан- ды­ру­дың ең тө­мен нор­ма­ти­віне дей­ін жет­кі­зу Қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на- лар­ды ме­ди­ци­на- лық жаб­дық­тар мен және ме­ди­ци­на- лық мақ­сат­та- ғы бұй­ым- дар мен жа­рақ- тан­ды­ру оның ішін­де ба­ла- лар ау­ру- ха­на- ла­ры пе­ри­на- тал­ды ор­та- лық­тар, АОА, АА, ҚА, ОА жа­нын- да­ғы пер­зен- тха­на- лар мен босан- ды­ру бө­лім- ше­ле­рі Бар­лы­ғы 1 14 15 16 17 18 Ақ­мо­ла 0 59 300 130 500 189 800 62 020 Ақ­тө­бе 119 135 80 100 286 380 366 480 74 970 Ал­ма­ты 0 39 000 123 500 162 500 18 200 Аты­рау 151 635 54 200 134 860 189 060 74 720 ШҚО 0 92 600 267 980 360 580 74 720 Жам­был 156 000 59 300 146 100 205 400 104 670 БҚО 349 135 27 030 141 960 168 990 73 950 Қа­ра­ған­ды 257 235 61 600 137 700 199 300 44 970 Қо­ста­най 0 66 700 141 250 207 950 16 500 Қы­зы­лор­да 519 633 18 030 151 050 169 080 104 420 Маң­ғы­стау 113 435 46 330 146 100 192 430 18 020 Пав­ло­дар 0 54 600 133 440 188 040 62 020 СҚО 0 50 330 135 570 185 900 0 ОҚО 0 42 370 218 620 260 990 55 350 Ал­ма­ты қа­ла­сы 0 54 270 171 260 225 530 62 020 Аста­на қа­ла­сы 0 40 400 114 730 155 130 11 000 Жиы­ны 1666208 846160 2581000 3427160 857 550 кестенің жалғасы Өңір­лер- дің ата­у­ла­ры Он­ко- ло­гия -лық ұй­ым- дар­ды рент- ген- сәу­ле- лі ап­па- рат­та- ры­мен жа­рақ- тан- ды­ру МРТ, КТ жа­рақ -тан- ды­ру Кар- дио- хи­ру- ргия- лық ор­та- лық- тар­ды (бөл- ім­ше- лер­ді) жа­рақ- тан- ды­ру Шунт- тар- мен жа­рақ-тан- ды­ру Са­ни- тар­лық авиа­ция қыз­ме- тін са­ни- тар­лық ав­то­кө- лік­пен жа­рақ- тан­ды­ру Бар­лы­ғы 1 19 20 21 22 23 24 Ақ­мо­ла 360400 0 261574 0 22 000 1132080 Ақ­тө­бе 0 0 0 0 22 000 677 275 Ал­ма­ты 0 0 484914 0 22 000 846556 Аты­рау 69 960 0 258864 0 22 000 866964 ШҚО 0 467500 297674 0 22 000 1313976 Жам­был 217300 0 0 0 22 000 1000851 БҚО 0 0 484913 0 22 000 1249233 Қа­ра­ған­ды 69 960 350000 421429 0 22 000 1500487 Қо­ста­най 143100 376000 261574 0 22 000 1320502 Қы­зы­лор­да 143100 0 0 0 22 000 1324463 Маң­ғы­стау 143100 0 0 0 22 000 680478 Пав­ло­дар 0 0 261574 0 22 000 572410 СҚО 0 467500 484913 0 22 000 1405572 ОҚО 174900 467500 297674 0 22 000 1514644 Ал­ма­ты қа­ла­сы 0 0 226050 6 500 0 682996 Аста­на қа­ла­сы 143000 0 0 0 0 400800 Жиы­ны 1464820 2128500 374115 3 6 500 308 000 16489287