Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок гражданским служащим социального обеспечения, образования, культуры, работающим в аульной (сельской) местности, за счет средств районного бюджета на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағы және "Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаттары есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Л. Евсюкова