Қолданыстағы ред. 23.01.2008

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы от 23.01.2008 г. № 10/1 (Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы)

0

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 14 тармағына сәйкес ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» Нұсқаулық бекітілсін.

2

2. Ауданның қаржы бөлімі әлеуметтік төлемдерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.

5. Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
«Жергілікті өкілетті органдардың
шешімі бойынша 2008 жылы
аудандағы жекелеген санаттағы қажет
ететін азаматтарға әлеуметтік
көмек көрсету туралы» № 10/1
қаулысымен бекітіледі
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен олар әлеуметтік қорғау туралы» заң күші бар № 2247 Жарлығына сәйкес, жергілікті уәкілетті органдар шешімдері бойынша аудандағы жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру тәртібін анықтайды.

2

2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары

2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары

2

2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мыналардың құқықтары бар:

1

1) Жалғыз басты зейнеткерлерге, 1 топты мүгедектер;

2

2) Ауданда тұратын туберкулезбен ауыратындар;

3

3) Туберкулезбен ауыратындар (Бурабай курортына бару жол ақысы);

4

4) Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемеге емделу үшін жолақы қажет ететін науқастар;

5

5) Отбасы кірісі кедейшілік шегінен аспайтын аз қамтамасыз етілген және жұмыссыз қатарындағы азаматтардың отбасынан қайтыс болғандарға (жабдығын өткізуге);

6

6) Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлғаларға құжаттандыру үшін;

7

7) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (дәрі – дәрмек алу үшін);

8

8) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (9 мамыр Жеңіс күнін мерекелеу үшін); 9) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (басылымдарға жазылу үшін);

10

10) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (тістерін протездеу үшін);

11

11) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (облыс орталығына барып келу жол ақысы үшін);

12

12) Аз қамтамасыз етілген отбасынан облыс әкімі грантымен оқитын студенттер (оқу төлем ақысы).

3

3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

3

3. Нұсқаулықтың 2 бабы 2 тармағында көрсетілген мұқтаж азаматтар санатына әлеуметтік төлемдер төленеді:

1

1) әлеуметтік төлем келесі тармақшаларында көрсетілген азаматтарға

1

1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10), 11), 12);

4

4. Әлеуметтік төлемақы және әлеуметтік көмектің басқа түрлері және оларға құқығы бар азаматтар:

1

1. 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңдестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заң күші бар № 2247 Жарлығына сәйкес тағайындалады.

2

2. 1), 4) – тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес тағайындалады;

3

3. 2), 3), 5), 6), 12) – тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға «Жергілікті өкілетті органдарының шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек» 6.2.451.007.000 бюджеттік бағдарламаның негізінде беру жолымен жүргізіледі.