2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмысты қаржыландыру және ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 260 жұмыссыздар үшін мекемелермен келісім-шарт бойынша қоғамдық жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың саны бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыс түрлері бекітілсін (2 қосымша)
Тармақ 4
4. Мақсатты топтағы жұмыссыздар үшін толық еңбек ақы төлемімен 24 сағаттық (36 сағат және одан әрі) жұмыс аптасын және оралымды жұмыс кестесін қарастырсын: төрт және одан да артық кәмелетке толмаған асыраушысы бар көп балалы аналар; 3 топ мүгедектері; дәрігерлік – кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтар.
Тармақ 5
5. 3 топ мүгедектері қатарындағы жұмыссыздар мен дәрігерлік кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбектен шеттетілген азаматтарды денсаулық жағдайларына байланысты медициналық мекемелер ұсынған қоғамдық жұмыстарға жіберсін.
Тармақ 6
6. Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға республикада белгіленген ең аз еңбекақы мөлшерінен кем емес еңбек ақы белгіленсін.
Тармақ 7
7. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға 6 айға дейін қатысу мерзімін ұзарту үшін қаржы қарастырсын.
Тармақ 8
8. Бұл қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.
Басқа 10. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар мен мекемелердің ТІЗБЕСІ
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 8/1 қаулысына 1 қосымша Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдар мен мекемелердің ТІЗБЕСІ № Селолық округтардың атауы Жұмыс беруші – лердің аты – жөні Қоғамдық жұмысқа жіберілетін жұмыссыз - дар саны Шығын сомасы (мың теңге) 1 Восточный селолық округ Омаров Қ.С. 25 918 2 Жамбыл селолық округі Айтуғанов Н.Ғ. 24 886 3 Қазы селолық округі Жазитов Б.Қ. 10 367 4 Қызылағаш селолық округі Шотова С.Ш. 10 367 5 Қызыләскер селолық округ Тағлымов Т.Ғ. 25 918 6 Лебяжі селолық округ Халлемов С.Т. 61 2283 7 Майқарағай селолық округ Айғазинов А.Р. 10 367 8 Малыбай селолық округі Дюсенов Е.Қ. 15 551 9 Шарбақты селолық округі Нұрғалиев Р.Қ. 20 736 10 Шақа селолық округі Сейтебаев Қ.Б. 10 367 11 Ямышево селолық округі Омаров М.Ә. 25 918 12 Аудандық ұйымдар мен кәсіпорындар 25 918 13 Барлығы: 260 9596
Басқа 11. 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 8/1 қаулысына 2 қосымша 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері
Тармақ 1
1. Елді мекендерді көркейту;
Тармақ 2
2. Коммуналдық меншікті, мәдени – әлеуметтік маңыздағы объектілерді, тұрғын үйлерді қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары, құрылысына қатысу;
Тармақ 3
3. Иесіз объектілерді және коммуналдық меншік объектілерін қорғау;
Тармақ 4
4. Тұрмыстық және тұрғын үй коммуналдық қызмет саласындағы жұмыстарға қатысу;
Тармақ 5
5. Зиянкестерге қарсы күрес бойынша профилактикалық іс шаралар;
Тармақ 6
6. Жасыл желектер отырғызу және елді мекендерді көгалдандыру;
Тармақ 7
7. Қорғаныс істер жөніндегі бөлімге шақыру науқанын өткізуге көмек көрсету;
Тармақ 8
8. Малдарды қолдан ұрықтандыру пункттері жұмыстарына көмек көрсету.