Об организации социальных рабочих мест в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-4 тармағына сәйкес, нысаналы топтағы халықты әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2008 жылы ұйымдар мен кәсіпорындарда әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қаржы бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын аймақтың 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін және белгілі бір бөлігі жұмыс берушінің шығынымен өтелсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің «2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 17 қаңтардағы № а-1/6 (Егіндікөл ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 23 ақпанда № 1-8-48 тіркелген, 2007 жылғы 2 наурызда № 8 (203) аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының әрекеті 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С. Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы Егінідікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап қолданысқа енгізіледі және аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Егіндікөл ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын
құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
Қосымша
аудан әкімдігінің
2008 жылғы 18 қаңтардағы № а-1/10
қаулысымен бекітілген
Егіндікөл ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын
құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
Рет
№
Ұйымдар
Адамдар
саны
Ұзақтығы,
ай
Сомасы
1
«Егіндікөл Су» МКК (келісім бойынша)
12
6
351,0
2
«Дәулет және К» ШҚ (келісім бойынша)
2
6
58,5
3
«Сарымсақты» ЖШС (келісім бойынша)
4
6
117,0
4
«Исток» ШҚ (келісім бойынша)
2
6
58,5
Жиынтығы:
20
6
585,0