Об организации социальных рабочих мест в Зерендинском районе в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы Зеренді ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптау кеңесінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 2 хаттамасы негізінде, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды қабылдау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зеренді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (З.Б.Қазияқпарова) 2008 жылы Зеренді ауданының аумағында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысына жіберілген жұмыс беруші шығындарының минималдық еңбек ақысынан 50 пайыз көлеміндегі жарым-жарты өтемақысы нақты орындалған жұмыс көлемі үшін алты айдан ұзақ емес мерзімге олардың жеке шоттарына аудару жолымен бюджет қаражаттарынан төленсін.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздарға еңбекақыларын бюджет қаражаттарынан төленген қаражаттардың шегеруімен төлейді.
Тармақ 5
5. Қаржы бөлімі (С.Б.Айтуғанов) 2008 жылға арналған ауданды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орташа мерзімді жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 27 ақпанда № 1-14-58 тіркелген, Зеренді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 20 ақпанда № 62 «2007 жылы Зеренді ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бері пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.
Басқа 9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қуратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі
БЕКІТІЛДІ
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
29.01. № 40 «2008 жылы Зеренді
ауданында әлеуметтік жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы» қаулысымен
Әлеуметтік жұмыс орындарын қуратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі
№
Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы
Мамандық
Адамдар саны
Ұзақтығы
Айлық еңбекақы
Барлығы
1.
«Зеренді Сервис» ШЖҚ МКК
жұмысшы
5
Үш ай
26,3
78,9
2.
«Планета компьютеров» ЖШС
Жүйелік инженер
1
Алты ай
5,3
31,8
3.
«Рейн» ЖШС
жұмысшы
19
Екі ай
102,0
204,0
4.
«Айна» МКК ЖШС
Моншашы, күзетші
3
Төрт ай
15,7
62,8
5.
«Садовый селолық округі әкімінің аппараты» ММ
От жағушы
4
Төрт ай
21,0
84,0
6.
«Аман» ШҚ
Тракторшы, аспазшы, жұмысшы
4
Төрт ай
21,0
84,0
7.
«Христос для всех» ШҚ
Көкөнісші
7
үш ай
36,8
110,4
8.
«Шағалалы» ШҚ
жұмысшы
5
Үш ай
26,3
78,9
9.
«Сапар» ШҚ
жұмысшы
2
Үш ай
10,5
31,5
10.
ЖК Копылова О.П.
сатушы
2
Алты ай
10,5
63,0
11.
ЖК Садвакасова А.
от жағушы, сатушы
3
Алты ай
15,7
94,2
12.
ЖК Гапонько Л.Н.
Күзетші, сатушы, даяшы
3
Алты ай
15,7
94,2
13.
ЖК Бочкарев П.А.
Сатушы, күзетші
2
Алты ай
10,5
63,0
14.
ЖК Уәлиев Н.
От жағушы, күзетші, тазалықшы
3
Алты ай
15,7
94,2
15.
ЖК Долгов
күзетші
4
Бес ай
21,0
105,0
16.
ЖК Мұқанова Т.Ш.
аспазшы
1
Бес ай
5,2
26,0
17.
«Амур Көкше» ЖШС
Ағаш кесуші
6
Үш ай
31,5
94,5
18
ЖШ Мусарианова М.С.
Сатушы, аула тазалықшысы
2
Алты ай
10,5
63,0
19.
«Фройндшафт» ЖШС
Аспазшы, даяшы
4
Үш ай
21,0
63,0
Барлығы
80
1526,4
Банк қызметтері
4,6
Барлығы
1531,0
Абревиатуралардың толық жазылуы:
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
МКК - монша - кір жуу комбинаты
ММ - мемлекеттік мекеме
ШҚ - шаруа қожалығы
ЖК-жеке кәсіпкер
ШЖҚ МКК - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны