О реализации бюджетной программы «Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов» в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-1-бабы 3-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 1-3-тармақшасына, Рудный қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 желтоқсандағы № 40 «Рудный қаласының 2008 жылға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне сәйкес Рудный қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне монша және шаштараз қызметтеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық консультациялық-кеңесші ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешімі бойынша адамдарға мемлекеттік мейрамдарға және жалпы қалалық бұқаралық іс-шараларға біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) жан басына шаққандағы орташа табысы (2008 жылға арналған республткалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың мектеп жасындағы балаларына және жүкті әйелдеріне, қалпына келу кезенде туберкулезбен ауыратындарға тамақтануға әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) жан басына шаққандығы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары немесе халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтардың балалары профилакторийлерде және жазғы демалыс лагерлерінде сауығуы үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың немесе халықтың нысаналы топтарына жататын азаматтардың мектеп жасындағы балаларына оқу жылының басына әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) анықталған жағдайларға байланысты әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың комиссия шешімі бойынша стационарда емделуіне, медициналық мекемелерде тексерілуіне әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) анықталған жағдайларға байланысты әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға комиссия шешімі бойынша (құжаттандыруға, жерлеуге, азық-түлік, киім, дәрі – дәрмектерді және басқаларды сатып алуға) біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) жан басына шаққандығы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен материалдарын сатып алуға және саяжай учаскелеріне көлікпен жүруге әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) 1, 2, 3 топ мүгедектеріне және халықтың нысаналы топтарына жататын басқа да азаматтарға комиссия шешімі бойынша жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқуына төлеу үшін әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) үйде тәрбиеленетін және оқитын 18 жастан асқан 1, 2, 3 топ мүгедектеріне әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) зейнетақысы Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін тағайындалған адамдарға «республикалық маңызы бар дербес зейнеткерлер, еңбек сіңірген қызметкер атағы бар зейнеткерлер) және Қостанай облысының дамуына ерекше үлес қосқан адамдарға (облыстық маңызы бар дербес зейнеткерлер) біржолғы әлеуметтік көмек.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар анықталсын:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді, құжаттардың тізбесін және ұсынылатын әлеуметтік көмектің көлемін комиссия құжаттарды қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қабылдайды;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмекті төлеу жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген тізімге сәйкес Қазақстан Респуликасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмекті алушының жеке есебіне ақшалай қаражаттарды аудару жолымен жүргізіледі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті қаржыландыру «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Рудный қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 5 «Рудный қалалық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 390 «Рудный қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы» шешімін іске асыру туралы» (мемлекеттік тіркеу № 9-2-69, 2007 жылғы 6 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 10 болып жарияланған) қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қауылының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жариялануы тиіс және 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.