Об утверждении на 2008 год перечня хозяйствующих субъектов организующих общественные оплачиваемые работы для безработных граждан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық ақылы жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыссыз азаматтар үшін қоғамдық ақылы жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыс түрлері және қатысушы жұмыссыздардың жұмыс түріне байланысты төленетін еңбекақы мөлшері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Т. Жүсекееваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Айбатырова К.М. 03.01.2008 ж.
Басқа 5
Ақтау қаласысың әкімдігінің 29.12.2007 ж. № 1758 қаулысына 1 қосымша 2008 жылға жұмыссыз азаматтар үшін ақылы қоғамдык жұмыстар ұйымдастыратын шаруашылық субъектілерінің тізбесі № Қоғамдық жұмыс жүргізетін мекемелер мен кәсіпорындардың атаулары Жұмысқа жіберілген адам саны Жұмыссыздар атқаратын қоғамдық жұмыстардың түрлері 1 адам жасайтын жұмыс көлемі Қай уақытқа дейін Еңбек ақы мөлшері (ең төменгі) Қаржы- ландыру көзі 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Маңғыстау облысы бойынша Салық комитеті 20 Түбіртек таратушы агент 50 ден астам пәтерге квитанция тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 2 Ақтау қаласы бойынша ішкі істер басқармасы 20 Қоғамдык тәртіпті қорғауға бекітілген аумақтың қараушысы 1 -ден 29-шы ш/а-да тәртіпті бақылау, ақпарат жинау 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 3 Ақтау қаласының қорғаныс істер жөніндегі басқармасы 5 Әскер қатарына шақыру кезеңінде шақыру қағаздарын үлестіруші Күніне 30 шақыру қағазын тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 4 Маңғыстау облысы бойынша әділет департаменті 15 Төл құжат іс маманының көмекшісі Маманға көмек көрсету 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 1 2 3 4 5 6 7 8 5 Көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы 2 Хат тасушы 30 дан астам хат тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 6 «Қазақ зағиптар қоғамы» Қоғамдық бірлестігі 2 Хат тасушы, бөлме тазалаушы 30 дан астам хат тарату, бөлме тазалау 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 7 Ақтау қаласының әкімдігі 3 Хат тасушы 30 дан астам хат тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 8 Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы 1 Хат тасушы 30 дан астам хат тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 9 Маңғыстау көлік прокуратурасы 1 Хат тасушы 30 дан астам хат тарату 3айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 10 Актау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 10 Әлеуметтік қарталарды жасақтаушының көмекшісі Тоқсанға 500 жанұя 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 11 Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалык соты 2 Хат тасушы 30 дан астам хат тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 1 2 3 4 5 6 7 8 12 Ақтау қалалық соты 3 Хат тасушы 30 дан астам хат тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 13 «Қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ 3 Хат тасушы 30 дан астам хат тарату 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет 14 Басқалар 13 Хат тасушы, бөлме тазалаушы 30 дан астам хат тарату,40 кв.м, тазалау 3 айдан 6 айға дейін 1,5 Жергілікті бюджет Барлығы 100 Ескерту: Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың әлеуметтік салық және сыйақыны бірге есептегендегі барлық сомасы 21504,0 мың теңге құрайды.
Басқа 6
Ақтау қаласы әкімдігінің 29.12.2007 ж. № 1758 қаулысына 2 қосымша Ақылы қоғамдық жұмыс түрлері және қатысушы жұмыссыздардың жұмыс түріне байланысты төленетін еңбекақы мөлшері. № Жұмыстардың түрі Еңбек ақы мөлшері (ең төмен еңбекақы мөлшері) 1. Әскер қатарына шақыру кезеңінде шақыру қағаздарын үлестіруші 1,5 2. Әлеуметтік карталарды жасақтаушының көмекшісі 1,5 3. Хат тасушы 1,5 4. Төлқұжат ісі бойынша маманның көмекшісі 1,5 5. Түбіртек таратушы агент 1,5 6. Бөлме тазалаушы 1,5 7. Қоғамдық тәртіпті қарауға бекітілген аумақты қараушысы 1,5 8. Басқалар 1,5