Об определении целевых групп по городу Актау для содействия в подборе работы и трудоустройства на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға Ақтау қаласы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға Ақтау қаласы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтар қосымшаға сәйкес анықталсын.
Тармақ 2
2. Шаруашылық субъектілерінің басшыларына нысаналы топқа жататын жұмыссыз адамдарды Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамаларымен жұмысқа қабылдауға ұсыныс жасалсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Т. Жүсекееваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ»: қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығыАйбатырова.К.М. 03.01.2008ж.
Басқа 5
Ақтау қаласы әкімдігінің 29.12.2007 ж. №1760 қаулысына қосымша 2008 жылға Ақтау қаласы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтар № Нысаналы топтардың атауы Адам дар саны 1 Табысы аз адамдар 20 2 29 жасқа дейінгі жастар 306 3 Балалар үйлерінің тәрбиенушілері, жетім балалар мен ата- ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар 5 4 Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар 70 5 Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар 5 6 Зейнеткерлік жастың алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған) 10 7 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар 5 8 Бас - бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар 15 9 Оралмандар 40 10 Бірде-бір жұмыс жасайтын адамы жоқ отбасылардан жұмыссыз адамдар 10 11 Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмысы жоқ адамдар 90 12 Мүгедектер (жалпы есебінен үш пайыздық мөлшерде мүгедектерге жұмыс орнының квотасы белгіленеді) - 13 Барлығы Ақтау каласы бойынша 2008 жылы жұмысқа орналасатындардың саны 630