О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына және "Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы N 506 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бойынша бөлінсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
Тармақша 1
1) облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерімен бірлесіп, көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және оларды орналастыру орындарында бейімдеуге арналған жағдайды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, мемлекеттің қаржылық қолдауынсыз өзінің тарихи отанына келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдастырылған көшіп келуін жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулының орындалуы туралы есептерді 2008 жылғы 1 шілдеге және 2009 жылғы 1 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
N 137 қаулысына
қосымша
Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы
Облыстар мен қалаларды ң
атауы
Отбасы саны
Ақмола
908
Ақтөбе
950
Алматы
1647
Атырау
450
Шығыс Қазақстан
1300
Жамбыл
1498
Батыс Қазақстан
300
Қарағанды
1005
Қызылорда
300
Қостанай
800
Маңғыстау
2180
Павлодар
300
Солтүстік Қазақстан
410
Оңтүстік Қазақстан
2712
Астана қаласы
95
Алматы қаласы
145
Жиыны:
15000