Қолданыстағы ред. 28.01.2008

2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 28.01.2008 г. № 50 (2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)

0

2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабы, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Мекемелердің басшылары қосымшада көрсетілген жұмыс түрі мен көлемдеріне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шартқа отыру көзделсін.

3

3. "Аманкелді ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жұмыссыздардың атқарған ақылы қоғамдық жұмыстарының түрлері мен көлемдеріне және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақыларын бақылап отыру тапсырылсын.

4

4. Мекемелермен келісім шартқа отыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.

5

5. "Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) ақылы қоғамдық жұмыстарға сәйкес істелінген жұмыс түрлері мен көлемдеріне еңбек ақы есептейтін болсын.

6

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.

7

7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
"Аманкелді ауданы бойынша салық
комитеті" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________________ Е. Карбозов
"Аман-Су" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
_____________________ Ж. Құсайнов