Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста
Басқа 0
Махамбет ауданының 2008 жылға
арналған аудандық бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексінің 63-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына сәйкес аудандық әкімияты ұсынған Махамбет ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджетін қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған аудандық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша 1
1) кірістер – 1881928 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 669724 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 5777 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер бойынша – 647062 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 559365 мың теңге;
Тармақша 2
2) шығындар – 1262575 мың теңге;
Тармақша 3
3) операциялық сальдо – 619353 мың теңге;
Тармақша 4
4) бюджет профициті – 619353 мың теңге;
Тармақша 5
5) бюджет профицитін пайдалану – 619353 мың теңге, оның ішінде:
қарыздарды өтеу – 619353 мың теңге.
Тармақ 2
2. Аудандық бюджеттің түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес мынадай түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленсін:
Тармақша 1
1) салықтық түсімдер:
облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
республикалық бюджетке есептелетін акциздерден басқа, акциздер;
облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
бірыңғай жер салығы;
заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық;
жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
жекеленген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін алынатын алым;
аукционардан алынатын алым;
жылжымалы мүлікті кепілдікке салуды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
жылжымайтын мүлікке және олармен мәміле жасау құқықтарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
жергілікті маңызы бар және елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлу жолағында сыртқы (көрнекі) жарнамаларды орналастырғаны үшін алынатын төлем;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
консулдық алымнан және республикалық бюджетке есептелетіндерден басқа мемлекеттік баж;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
республикалық және облыстық бюджетке есептелетін сомалардан тыс басқа да салықтық түсімдер;
Тармақша 2
2) салықтық емес түсімдер:
аудандық коммуналдық меншіктегі акциялардың меемлекеттік пакетіне берілетін дивидендтер;
аудандық өкілді органның шешімі бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялардан түсетін кірістердің түсімі;
аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер көрсететін қызметтерді сатудан түсетін түсімдер;
аудандық бюджетінен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақшаның түсімі;
аудандық коммуналдық меншіктегі мүлікті жалдаудан түсетін кірістер;
аудандық коммуналдық меншікке жататын жер учаскелері бойынша сервитут үшін төлемақы;
жергілікті мемлекеттік органдар салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар;
аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелермен алынатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар;
жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төленетін төлем;
аудандық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
иесіз мүлікті, белгіленген тәртіппен ауданның коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, қадағалаусыз жануарларды, олжаларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер;
аудандық атқарушы органдар тарататын гранттар;
оған қатысты лицензиялық тәртіп белгіленген казиноның, тотализаторлардың және ойын бизнесінің лицензиясыз қызметінен түскен алып қойылған кірістер түсімі;
анықталмаған түсімдер;
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешегінің түсімі;
бұрын аудандық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы;
аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігінің түсімдері;
аудандық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
республикалық және облыстық бюджеттерге есептелетін сомалардан тыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген басқа да салықтық емес түсімдер.
Тармақша 3
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер:
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге берілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;
жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер;
Тармақша 4
4) трансферттерден түсетін түсімдер
ағымдағы нысаналы трансферттер;
нысаналы даму трансферттері;
субвенциялар.
Тармақша 5
5) бюджеттік кредиттерді өтеу:
аудандық бюджеттен қарыз алушы банктерге, заңды және жеке тұлғаларға берілген кредиттердің өтемі.
Тармақша 6
6) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер:
ауданның коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түсетін түсімдер;
мүліктік кешен түріндегі аудандық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды және аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мүлікті сатудан түсетін түсімдер.
Тармақ 3
3. 2008 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен жалпы сомасы 103000 мың теңге, оның ішінде:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға – 35109 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге – 25913 мың теңге;
ең төменгі күнкөрістің деңгейінің мөлшерінің өскеніне байланысты – 9000 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді
төлеуге – 3000 мың теңге және табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 6000 мың теңге;
Береке ауылындағы су тазарту құрылымының және кентішілік су құбыры желілерінің құрылысына – 32978 мың теңге нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін.
Тармақ 5
5. 2008 жылға арналған аудандық бюджет шығысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде сауықтыруға жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы кемінде күнтізбелік отыз күн ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беруге қатысты және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бастауыш білім берудің педагог қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін аптасына 20 сағаттан 18 сағатқа дейін азайтуға қатысты қаражаттардың көзделгені ескерілсін.
Тармақ 6
6. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің құрамында әрбір ауылдық (селолық) округтердің әкімдерінің аппараттарының бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру мөлшері 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 7
7. Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві – 969 мың теңге, оның ішінде:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві – 496 мың теңге;
Тармақша 2
2) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау үшін ауданның жергілікті атқарушы органының резерві – 473 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 8
8. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 9
9. 2008 жылға арналған аудандық бюджетті атқару процесінде облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген бағдарламалар ескеріле отырып, секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттің бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудандық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы, жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Есқариевқа жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы шешім 2008 жылдың 1қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.