Аудан бойынша 2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша 2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері туралы Мақат ауданы бойынша Салық комитетінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы №02-07-6/1970 санды ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 373 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша 2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері 1-ші қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. 2-ші қосымшаға сәйкес аудандық Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 28-ІV шешіміне 1 қосымша тенге № п/п Кәсіпкерлік қызмет түрлері Бағасы 1 Газет және журналдарды қолдан сату 60 2 Тұқым және екпе дақылдарды сату, арнаулы сату орындарынан басқа жерлерде 70 3 Салтанатты кештердегі бір асабаның қызметі 600 4 Салтанатты кештерді таспаға түсіру 300 5 Медициналық қызмет көсету 400 6 Мал бағушы: -ірі-қара -50 басқа дейін 70 -50 бастан жоғары 100 -ұсақ жәндік 70 -50 басқа дейін 40 -50 бастан жоғары 60 7 Автокөліктерді алып келу: -таяу шетелден, 3 күннен аспайтын 1 рейс үшін 1000 -алыс шетелден, 5 күннен аспайтын 1 рейс үшін 3750 8 Жеке тракторлар иелерінің жер участіктерін өңдеу бойынша қызмет көрсетуі 500 9 Жеке автокөлік иелерінің адам тасымалдау бойынша қызмет көрсетуі -Атырау қаласына жеке жеңіл автокөлікпен 400 -Атырау қаласына УАЗ, Газель автокөліктерімен 400 -жеке жеңіл автокөлікпен аудан кент аралығында 150 -жеке жеңіл көлікпен кент ішіндегі 100 10 Жеке көлік иелерінің төмендегі маршруттар бойынша -автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі Атырау қаласына 1 рейске 500 -автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі Атырау қаласына 1 рейске 1000 -жеке автокөлік иелерінің төмендегі маршруттар бойынша жүк тасымалдау қызметін көрсетуі 5 тоннадан жоғары 1500 -автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі Мақат ауданы ішінде 150 -автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі Мақат ауданы ішінде 200 -автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннадан жоғары Мақат ауданы ішінде 300 11 Саяжай жеке үй бақшаларда өсірілген тірі гүлдерді сату 100 12 Ауыл шаруашылық, бақша жанынан саяжай өнімдерін сату 100 Базар ішіндегі сауда жасаушы тұлғалар үшін: 1 Балық өнімдерін сату 150 2 Ойыншықтар мен сыйлықтар сату 70 3 Бейнетаспалар мен үнтаспалар сату 100 4 Ет өнімдері сату 300 5 Тамақ өнімдерін сату 100 6 Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату 100 7 Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату -бағасы 40 тенгеге дейін 50 -бағасы 40 және одан жоғары 70 8 Хрусталь мен люстра сату 100 9 Жкміс-жидектер бақша өнімдерін сату -желтоқсан-мамыр айлары бойынша 150 -маусым-қараша айлары бойынша 100 10 Иіс майларымен әтірлерін сату 100 11 Шаруашылық бұйымдарды сату 100 12 Өндірістік заттар сату (киім-кешек т.б.) 100 13 Қосалқы бөлшектерді сату 300 14 Құрылыс заттары 300 15 Кеңсе тауарлары 100 16 Мал сату ірі-қара 1 бас 350 17 Ұсақ мал сату 1 бас 200 18 Жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету, тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін 2,0 тоннаға дейін сату 250 19 Малдың және құстардың жемдерін сату 70 20 Сыпырғыштар сату 70 21 Орман жидектері мен саңырауқұлақтар және бал сату 70 Вокзал басындағы базар: 1 Киім кешек 70 2 Тамақ өнімдері(манты, пирожки т.б.) 50 3 Жеміс-жидек: -желтоқсан -мамыр айлары бойынша 120 -маусым- қараша айлары бойынша 70 4 Сүт өнімдері 100 5 Сусындар 50
Басқа 6
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 28-ІV шешіміне 2 қосымша Аудандық Мәслихаттың күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Тармақ 1
1. «2007 жылға жеке кәсіпкерлік, заңды тұлға, оның бөлімдері, құрылымдары және басқа жекеленген структуралық бөлімшелер көрсеткен қызметіне ойын бизнесі саласында тіркелген жиынтық салық ставка мөлшері туралы» 2007 жылғы 9 ақпандағы №308-ІІІ шешімі (Мақат ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 28 ақпанда № 4-7-53 санымен тіркелген және 2007 жылғы 23 наурызда аудандық қоғамдық - саяси «Мақат тынысы» газетінің № 12 санында жарияланған).
Тармақ 2
2. «Ойын бизнесіне қатысты акциз ставкаларының мөлшері туралы» 2007 жылғы 9 ақпандағы №311-ІІІ шешімі (Мақат ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 28 ақпанда № 4-7-55 санымен тіркелген және 2007 жылғы 23 наурызда аудандық қоғамдық - саяси «Мақат тынысы» газетінің № 12 санында жарияланған).
Тармақ 3
3. «Аудан бойынша 2007 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері туралы» 2007 жылғы 9 ақпандағы №309-ІІІ шешімі (Мақат ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 28 ақпанда № 4-7-52 санымен тіркелген және 2007 жылғы 23 наурызда аудандық қоғамдық - саяси «Мақат тынысы» газетінің № 12 санында жарияланған).