2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасына сәйкес, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 491-бабының 2-тармағын басшылыққа алып және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2007 жылғы 28 қарашадағы №1704 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №303-XXXIY «2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері туралы» (аудандық әділет басқармасында 2006 жылы 25 желтоқсанда №4-8-67 мемлекеттік тіркелген, аудандық «Серпер» газетінде 2007 жылы 10 қаңтарда 2 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойыосын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2008 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш.Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
Құрманғазы ауданы бойынша
салық комитетінің төрағасы
Ғ.Мырзағалиев
Басқа 5
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№38-III шешіміне қосымша
2008 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалардың орналастырылуына алынатын айлық төлемақы мөлшері
Рет
саны
Жарнамалар көлемі және түрі
Төлем
ставкасы
1
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 5 кв/м дейін
1 айлық есептік көрсеткіш
2
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 5-тен 10 кв/м дейін
2 айлық есептік көрсеткіш
3
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 10-нан 20 кв/м дейін
5 айлық есептік көрсеткіш
4
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 20-дан 50 кв/м дейін
10 айлық есептік көрсеткіш
5
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 50-ден 70 кв/м дейін
15 айлық есептік көрсеткіш
6
Көрсеткіштер, жарнамалық маңдайшалар, ақпарат қалқандары (қабырғалық, жерлік, шатырларда орналасқан) 70-тен 100 кв/м дейін
20 айлық есептік көрсеткіш
7
Жолаушы көліктер құралдарының (автобустар, микроавтобустар, таксилер, тасымалдау көліктері)
2 айлық есептік көрсеткіш
8
Көрмедегі жазулар немесе бейнелер түріндегі жарнама, витриналардағы жазбалар және көріністер
1 айлық есептік көрсеткіш
9
Әуе шарларындағы жарнамалар
10 айлық есептік көрсеткіш
10
Лазерлік жарнамалық қондырғылар (экран кеңістігі бойынша)
10 айлық есептік көрсеткіш
11
Мемлекеттік органдардың өз жүйелерін жүзеге асырудағы жарнама жазулар
0
Ескерту: Айлық есептік көрсеткіш 2008 жылға қабылданған мемлекеттік бюджет заңына сәйкес