2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талон құнын белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талон құнын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15 тармақшасын басшылыққа алып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 Кодексінің (Салық кодексі) 373-бабының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы №1725 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. 2008 жылға базардажасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 15 желтоқсандағы №302-XXXIY «2007 жылы ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне және базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талон құнын белгілеу тралы» (аудандық әділет басқармасында 2006 жылы 25 желтоқсанда №4-8-66 мемлекеттік тіркелген, аудандық «Серпер» газетінде 2007 жылы 10 қаңтарда 2 нөмірінде жарияланған) шешімнің күші 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2008 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш.Жәлелов) тапсырылсын. Келісілді: Құрманғазы ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Ғ.Мырзағалиев
Басқа 6
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №40-III шешіміне 1 қосымша 2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны Рет саны Кәсіпкерлік қызмет түрлері Бір күндік талон құны (теңге) 1 Тұқым егетін көшеттер мен ағаш көшеттерін сату 30 2 Бау-бақша өнімдерін сату 50 3 Бау-бақша өнімдерін көлік құралдарында сату 250 4 Саяжайларда, тұрғын үй учаскелерінде өсірілген гүл өнімдерін сату 30 5 Автокөлік құралдарын айдап келу: 1)Жақын шетелдік мемлекеттерден 2)Алыс шетелдік мемлекеттерден 350 450 6 Жеке меншік трактормен жер учаскелерін өңдеу жұмыстары 250 7 Жеке меншік тракторлармен аудан көлемінде жүк тасымалдау 150 8 Жеке автокөлік иелерінің төмендегі маршруттар бойынша жүк тасымалдау қызметін көрсетуі: 1)автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі Атырауға бір рейс 2)автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін Атырау қаласына бір рейске 400 100 9 Жеке автокөлік иелерінің төмендегі маршруттар бойынша жүк тасымалдау қызметін көрсетуі: 1)автокөлік жүк көтергіштігі 1,5 тоннаға дейінгі Ганюшкин селосының және селолық округтер ішінде 2)автокөлік жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін Ганюшкин селосының және селолық округтер ішінде 100 200 10 Су құятын автокөліктермен су құю 100 11 Техникамен шөп шабу қызметі 200 12 Жеке және жалға алған (маршруттық таксиден басқа) автокөліктермен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсету 1)Атырау қаласында жеке жеңіл автокөлікпен 2)Атырау қаласына УАЗ, Газель автокөліктерімен 3)Ганюшкин және селолық округтер ішінде жеңіл автокөлікпен 360 500 100 13 Салтанатты кештерді бейне таспаға түсіру 1 шараға 200 14 Асабалар мен асаба қызметкерлері 1 шараға 300 15 Суретке түсіру жіне сату 100 16 Газет, журналдар сату 50 17 Жеке адамдардың өз малдарынан алынатын өнімдерін сату Ет Сүт 300 50 18 Мал бағу 200 19 Жеке меншік бурамен, бұқамен қызмет көрсету 200 20 Монша қызметін көрсету 100 21 Қол орақпен шөп шабу қызметі 50 22 Халыққа емшілік қызмет көрсету 200 23 Киім тігу, тоқып сату 30 24 Жүннен тоқылған өнімдер сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б) 50 25 Шөпті дайындап, сату 1000 26 Саман тас сату 1000 27 Жыңғылды шауып, сату 800 28 Қамыс байлау, сату (қамыс плита) 200
Басқа 7
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №40-III шешіміне 2 қосымша 2008 жылға базарда жасалынатын кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін біржолғы талон құны Рет саны Кәсіпкерлік қызмет түрлері Бір күндік талон құны (теңге) 1 Азық-түлік өнімдерін сату 120 2 Нан және ұннан жасалған өнімдерді сату 80 3 Сүт және сүттен жасалған өнімдерді сату 50 4 Киімдер мен аяқ киімдер сату 120 5 Парфюмерия, косметика сату 120 6 Ойыншық, сувенирлер сату 100 7 Шаруашылық тауарлар, ыдыс аяқ хрустальдар сату 120 8 Кеңсе бұйымдарын сату 100 9 Қосалқы бөлшектерін сату 120 10 Шаруашылық өнімдерін 1)ет саут 2)құс, шұжық, сыр тағамдарын сату 3)май тағамдарын сату 4)кондитер тағамдарын сату 5)жұмыртқа сату 6)жеміс-жидек, көкөністер сату 300 120 120 120 50 50 11 Азық-түлік өнімдерін көлік құралдарында сату 1)жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 1,5 тоннаға дейін 2)жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 5 тоннаға дейін 3)жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (тамақ өнімдерін және жеміс-жидектерін сату) 5 тоннадан жоғары 4)жүк автокөлігімен сауда қызметін көрсету (шаруашылық бұйымдарды және құрылыс материалдарын сату) 250 400 500 400 12 Балық өнімдерін сату 50 13 Ұсақ-түйек тағамдар сату 50 14 Теріден жасалған бұйымдар сату 150 15 Мал сату ірі қара 1 бас 300 16 Ұсақ мал сату 1 бас 120 17 Киім тігіп, тоқып сату 30 18 Жүннен тоқылған өнімдер сату (кілемше, шұлық, қолғап т.б) 50 19 Құс сату 1 бас 80 20 Балапан сату 10 бас 75 21 Қамыс байлау, сату (қамыс плита) 200 22 Құрылыс заттары (цемент, ағаш, шифер т.б) 250 23 Құрылыс заттары (известь, ақ бор т.б) 50 24 Тас қашау (құлпытас) 250 25 Аяқ киім жөндеу 30