Об определении целевых груп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарын және 2008 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттағы халықтың нысаналы топтары анықталсын:
Тармақша 1
1) табысы аз адамдар;
Тармақша 2
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 3
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Тармақша 6
6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Тармақша 7
7) мүгедектер;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Тармақша 9
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Тармақша 10
10) оралмандар;
Тармақша 11
11) ұзақ уақыт жұмыс істемеген азаматтар (бір жылдан артық);
Тармақша 12
12) келешегі жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан асқандар);
Тармақша 13
13) бастауыш, орта және жоғары білім беру және курстық дайындық оку мекемелерінің түлектері, жұмыссыз жастар.
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл ауданының еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына:
Тармақша 1
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың уақытша жұмыспен қамтылуын және кәсіптік дайындығын анықтау жөніндегі шараларды қолдансын;
Тармақша 2
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жәрдемдесуді қамтамасыз ететін;
Тармақша 3
3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары М. В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 4
4. "Халықтың нысаналы топтарын және 2007 жылы олардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік қорғалуына жәрдемдесу жөніндегі шараларды анықтау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 26 ақпандағы № 9-19-40, "Нұрлы жол" 2007 жылғы 29 наурыздағы № 13) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.