О корректировании цен на 2008 год, представленных органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдарымен ұсынған 2008 жылға арналған бағаларды түзету туралы Қазақстан Республикасының «Казакстан Республикасында жерплікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармакшасына және Казақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген, Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Деректерді 30 %-ға азайту жолымен он сегіз жаска дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке косалкы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика орғандары 2008 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Федоров аудандық жүмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемакы тағайындауға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылықка алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.