Об организации общественных работ в Енбекшильдерском районе на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы Еңбекшілдер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы « Халықты жұмыспен қамту туралы » Заңының 20 бабына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836, Қаулысымен бекітілген «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды іске асыру жөніндегі шаралар, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Еңбекшілдер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Степняк қаласының әкімі және ауылдық округтердің әкімдерімен және мекеме басшыларымен бірлесе отырып, 2008 жылы жұмыссыздарға арнап, ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын .
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі, ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі сонымен катар жұмысқа тартылатын адамдар саны бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жергілікті бюджеттің қаржы есебінен заңнамада белгіленген ең төменгі бір айлық еңбек ақыдан кем болмайтындай мөлшерде және нақты атқарылған жұмыс көлеміне сәйкес жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Еңбекшілдер аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды осы мақсаттағы 2008 жылға арналған бюджет қаржысымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайы, қатысушылардың еңбек ақы мөлшері еңбек шарттарында анықталады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С.Омаровқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. 2007 жылғы 15 ақпаң № а-2/25 «2007 жылы Еңбекшілдер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында 26 ақпан 2007 жылғы №1-10-50 нөмірмен тіркеліп, аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2007 жылғы 21 сәуірдегі №19 санында жарияланған), 2007 жылғы 10 шілдедегі № а-7/140 «2007 жылы Еңбекшілдер ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында 2007 жылы 10 шілдеде № 1-10-59 нөмірмен тіркеліп, аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2007 жылғы 20 шілдедегі №37 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы аудан әкімдігінің қаулысы, пайда болған құқықтық қатынастарға 2008 жылғы 3 қаңтардан бастап қолданылады.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және міндетті түрде аудандық «Жана дәуір», «Сельская новь» газетінде жариялануы тиіс.
Басқа 10. Ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін , ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі сонымен қатар жұмысқа тартылатын адамдар саны жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелер
ТІЗБЕСІ
Қосымша
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «29» қаңтар «2008 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-2/9 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ:
Ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін , ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі сонымен қатар жұмысқа тартылатын адамдар саны жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелер
ТІЗБЕСІ
№
Мекемелер атауы
Ақылы қоғамдық жұмыс түрлері
Жұмысқа тартылатын адам саны
Жұмыс көлемі (аула, шаршы метр)
Қаржыландыру көзі
1
Ақсу ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау
2
3000 ш.м.
Аудандық бюджеттің
2
Аңғал батыр ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
5
5000 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Аулаларды аралау.
4
сағаттық
3
Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
2
900 ш.м.
Аудандық бюджеттің
4
Бірсуат ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң- қоқыстан тазалау.
4
3800 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Аулаларды аралау.
2
сағаттық
5
Уәлихан ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
4
4200 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Көріктендіру және жасылдандыру
1
сағаттық
6
Донской ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту.
5
3924 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Аулаларды аралау.
3
сағаттық
7
Кенашы ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
1
980 ш.м.
Аудандық бюджеттің
8
Краснофлот ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту
2
1931 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
2
831 ш.м.
Аулаларды аралау.
1
сағаттық
9
Үлгі ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту
7
7000 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды көң-қоқыстан тазалау.
7
7500 ш.м.
Аулаларды аралау.
5
сағаттық
10
Заурал ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту
1
920 ш.м.
Аудандық бюджеттің
11
Макин ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
10
10000 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Аулаларды аралау.
4
сағаттық
12
Мамай ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
3
3570 ш.м.
Аудандық бюджеттің
13
Заозерный ауылдық округі әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
2
3650 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Аулаларды аралау.
1
сағаттық
14
Степняк қаласы әкімінің аппараты
Тұрғын алаңын көркейту аулаларды, көшелерді көң-қоқыстан тазалау.
8
16000 ш.м.
Аудандық бюджеттің
Аумақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру).
10
11072 ш.м.
Аулаларды аралау.
13
сағаттық
Шұңқырлы жолдарды жөндеу, жол көрсету белгілерін қою.
2
1 ш.м. 20 см алаңда
Аз қамтылғандарды тексеру және әлеуметтік картамен жұмыс істегенде учаскелік комиссияға көмектесу, атаулы әлеуметтік көмек, балаларға жәрдем ақы белгілеу.
4
сағаттық
Иесіз құрылыстарды тазалауға көмектесу.
2
3 нысан
Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйлерін жөндеуге көмектесу.
4
сағаттық
Жеке тұлғаларға мүлік пен жер салығы туралы хабарлама тарату.
4
сағаттық
Аумақты кардан, мұздан тазалау, қар қалашығын салу.
9
10000 ш.м.
Тұрғындарды құжаттандыру шараларын ұйымдастыруға көмектесу.
5
сағаттық
Тіркеу және әскерге шақыру комиссиясынан өту кезінде көмек көрсету
7
сағаттық
Ойдағыдай емес отбасыларын тексеру, шақыру қағазын тапсыру.
3
сағаттық
Құқық органдарында алдын-алу жұмыстары. Техникалық мақсаттағы жұмысшылармен жұмыс істеу.
1
сағаттық
Барлығы аудан бойынша
150