Қолданыстағы ред. 24.01.2008

2008 жылы Ерейментау ауданы бойынша халықтың нысаналы тобын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру туралы от 24.01.2008 г. № а-1/13 (2008 жылы Ерейментау ауданы бойынша халықтың нысаналы тобын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру туралы)

0

2008 жылы Ерейментау ауданы бойынша халықтың нысаналы тобын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 5 бабының 2тармағына, 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес нысаналы топқа кіретін тұлғалардың және әлеуметтік көмекті мұқтаж ететін тұлғалардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатымен Ерейментау аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағына сәйкес нысаналы топқа кіретін тұлғалардың тізбесі басшылықка алынсын.

2

2. Нысаналы топтың тізбесі келесідей тұлғалармен толықтырылсын: ұзақ уақыт жұмыс істемегендер (бір жылдан көп), 24 жасқа дейінгі жастар, 50 жастан жоғары адамдар, аурулардың айырықша ескерілетін санаттары, АҚТК/ЖҚТБ қоздырғышын жұқтырған адамдар

3

3. «Ерейментау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі нысаналы топқа кіретін жұмыссыздардың жұмыспен қамтуға кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін анықтасын.

4

4. Ауыл және ауылдық округ әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен әрекеттесіп нысаналы топқа кіретін жұмыссыздардың жұмыспен қамту шараларын ескерсін.

5

5. Ерейментау ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 5 ақпанындағы № а-2/32 «2008 жылы Ерейментау ауданы бойынша халықтың нысаналы тобын анықтау және олардың жұмыспен қамтылуына жәрдем беру туралы», Ерейментау аудандық әділет Басқармасында 2007 жылдың 22 ақпан күні тіркелген №1-9-78, «Ереймен» газетінде 2007 жылдың 23 ақпанында, № 22-23 жарияланған қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.

6

6. Қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді және кезекті басылымда ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.

7

7. Нақты қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 1 қаңтарынан туылған құқықтық қатынастарға таралады.

8

8. Нақты қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсембаеваға жүктелсін.