О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына және 5 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-бабына және "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 65 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясы (М.А. Перзадаев) мен облыс әкімінің орынбасарына (М.Х. Мұсатаев) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: ("Қоршаған ортаны қорғауда эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлем мөлшері жөнінде" облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 15 ақпандағы ІV сессиясының N 71 шешіміне) 15 ақпан 2008 жыл 15 ақпан 2008 жыл 15 ақпан 2008 жыл 15 ақпан 2008 жыл
Басқа 4
Қарағанды облыстық мәслихатының 2008 жылғы 15 ақпандағы IV сессиясының N 71 шешіміне қосымша 2008 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары: Р/с N Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Қалдықтардың қауіптілік деңгейі Төлемақы ставкалары (теңге) 1 2 3 4 5 1. Ластаушы заттардың тұрақты көздерден шығарындылары 1 шартты тонна 650 2. Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден шығарындылары: - этилденбеген бензин үшін Пайдаланылған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна) 700 - дизель отыны үшін 523 - сұйылтылған, сығылған газ үшін 285 3. Ластаушы заттардың төгінділері: - су көздеріне 2 шартты тонна 35000 жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, 16000 жер бедеріне 21000 4. Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3 тонна 228 5. Өнеркәсіптік қалдықтар: өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру тонна "қызыл" тізім 8332 "янтарь" тізім 4166 "жасыл" тізім 1042 Жіктелмегендер 521 Бұдан басқа: аршынды жыныстар 4 тонна 10,7 шлактары, шламдары, байыту қалдықтары 4 109 күл мен күлшлактар 4 100 ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары 130 6. Радиоактивті қалдықтар: - трансуранды қалдықтар Гигабеккерель 442,1 - альфа-радиоактивті қалдықтар 221 - бета-радиоактивті қалдықтар 22,1 - шынақты радиоактивті көздер 221 7. Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары шартты тонна 55020 Ескертпе:
Тармақша 1
1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 1 0,75 коэффициенті; 4 0,75 коэффициенті;
Тармақша 2
2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 1 0,3 коэффициенті; 2 0,43 коэффициенті; 4 0,25 коэффициенті;
Тармақша 3
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі: 3 0,2 коэффициенті;
Тармақша 4
4) кәсіпорындар төлемақы ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.
Тармақша 5
5) қоршаған ортаға белгіленген нормативтерден эмиссия артқан жағдайда белгіленген коэффициентер есебінсіз он есе төлем төленеді (соның ішінде залалы бойынша).