Об организации общественных работ в Аккайынском районе в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 37 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 және 20 баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазакстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына, өзгертулер мен толыктыруларын ескере отырып «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазакстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізбесінің Өңірлік бөлімінде 2001 жылғы 30 шілдедегі тіркеу нөмірі № 398 тіркелді) қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) 1 қосымшага келісілді, 2008 жылға арналған төленетін қоғамдық жұмыстардың тізбесі;
Тармақша 2
2) 2 қосымшаға келісілді, 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың жоспары.
Тармақ 2
2. Селолык округ әкімдері қоғамдық жұмыстар жоспарының 2008 жылдың ішінде орындалуын қамтамасыз етсін, жоспардың орындалуы туралы ақпаратты ай сайын 25 күні ұсынсын.
Тармақ 3
3. «Аккайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) аудан округтері шегінде жұмыссыздардың мақсатты топтарын анықтасын;
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстарға бірінші кезекте мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды тартсын;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек ақысын облыс әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізбесінің Өңірлік бөлімінде 2001 жылғы 30 шілдедегі тіркеу нөмірі № 398 тіркелді) қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздарды кәсіптік даярлауды, біліктілігін көтеруді және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Ережеге сәйкес, енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып төлесін.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру 2008 жылға қарастырылған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.М.Нұркеновқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Аққайың аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2008 жылғы «31» қаңтар
З.Булатецкая
Басқа 12. 2008 жылға арналған төленетін қоғамдық жұмыстардың ТІЗБЕСІ
Аққайың ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 29 каулысына 1 қосымша
2008 жылға арналған төленетін қоғамдық жұмыстардың ТІЗБЕСІ
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекендер аумақтарын жинауда көмек көрсету.
Тармақ 2
2. Жол құрылысы және жөндеу, су құбыры, газ, канализациялық және басқа да коммуникацияларды салу, кеспе тас және жол жиегінің тастарын салу, сондай-ак сол жұмыстар үшін қосалқы материалдарды (құрылыс тастарын, қиыршық тас, плиталар, құм т.б.) дайындау. Елді мекендердегі жолдарды ағымды жөндеу (шұңқырларды және жол жиегін қолда бар материалдармен жабу, көпір салу, кіріс жолдарын жөндеу).
Тармақ 3
3. Мелиоративтік жұмыстар, сондай-ақ көктемгі-күзгі су тасқынына байланысты жұмыстарды жүргізу.
Тармақ 4
4. Тұрғын үйлер құрылысына, қайта құру мен күрделі жөндеуге қатысу. Коммуналдык меншік болып табылатын әлеуметтік және мәдени мақсаттағы ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және білім беру объектілерінде, селолық округ әкімі аппараттарына және басқа да бюджеттік ұйымдар үшін жалға алған ғимараттарды, егер жергілікті бюджеттерде осы мақсатқа қаржы қарастырылмаған болса, немесе олар объектілерді тиісті жағдайда ұстауға жеткіліксіз болса, қысқа дайындау, жөндеу және құрылыс жұмыстарын атқару бойынша көмек көрсету.
Тармақ 5
5. Тарихи-архитектуралық ескерткіштерді, кешендерді және қорық жерлерді қалпына келтіру.
Тармақ 6
6. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (көгалдандыру, аумақтарды көркейту (ағаш отырғызу, гүл егу) және орман шаруашылығын, демалу және туризм аумақтарын сақтау және дамыту, қаңгырма жануарларды аулау.
Тармақ 7
7. Спорттық іс-шараларды, мерейтой салтанаттарын, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды атқару.
Тармақ 8
8. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарды өткізуге қатысу (сауалнама жүргізу, халық санағы, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау мәселесі бойынша статистикалық тексеріс).
Тармақ 9
9. Халықтың аз қамтамасыз етілген жіктеріне және жалғыз түратын қарттарға, жаңа келген оралмандарға, сондай-ақ аудандардың коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар мен әлеуметтік-мәдини нысандарына отын және жемазық дайындау, көмірді жеткізуге және түсіруге көмек көрсету.
Тармақ 10
10. Үй шаруашылығының санағына және шаруашылық кітабын жасауға көмек көрсету.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік-мәдини мақсаттағы маңызды нысандарды, сондай-ақ аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі бос ғимараттарды күзету.
Тармақ 12
12. Алыс елді мекенде тұратын халықты төлқұжаттау жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысқа уақытша көмек (халықты төлқұжаттау үшін қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу бойынша көмек).
Тармақ 13
13. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарына жәрдемдесу жасақтарына қатысу.
Тармақ 14
14. Есірткі заттар тарату және пайдаланудың болжамалы жерлерінде, сенім пунктерінде жұмыс.
Тармақ 15
15. Балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар-жасөспірімдер клубтары аркылы ұйымдастыру жөнінде бір жолғы жұмыстарды (мереке күндеріне және мерейтойларға дайындық) жүрғізу.
Тармақ 16
16. Саябақтар, скверлердің аумағын көркейту және күзету (жеке меншік нысандарынан басқа).
Тармақ 17
17. Зираттарды, қоқыс жинайтын жерлерді көгалдандыру, соның ішінде қалдықтар жинауды ұйымдастыру.
Тармақ 18
18. Бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде жылыту маусымы кезінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс.
Тармақ 19
19. Жалғызбасты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ, дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, қабырғаларды ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкініс отырғызу, арам шөбін жұлу және жинау).
Тармақ 20
20. Иесіз жылжымайтын мүлікті айқындауда көмек көрсету.
Тармақ 21
21. Тұрғындарды тұрақты жері бойынша құжаттауда және тіркеуде техникалық қызмет көрсету.
Тармақ 22
22. Оралмандарды қабылдау мен орналастыру бойынша тапсырмаларды орындау.
Тармақ 23
23. Мемлекеттік тілдегі үндеулер бойынша іс жүргізуде көмек көрсету.
Тармақ 24
24. Құжаттарды сақтауға өңдеу және даярлауға көмек көрсету.
Тармақ 25
25. Жұмыспен қамту және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы белгілегенде қажетті құжаттарды жинау мәселелері бойынша көмек көрсету.
Ескерту: 6,11,17,18 және 19 тармақтармен белгіленген жұмыстар ұйымдар мен мекемелердің штат кестесінде тиісті бірлік болмаған жағдайда және егер де бұл мақсаттарға жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаса қолданылады.
Басқа 38. 2008 жылга арналған қоғамдық жұмыстар ЖОСПАРЫ
Аққайың ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 31 каңтардағы
№ 29 қаулысына
2 қосымша
2008 жылга арналған қоғамдық жұмыстар ЖОСПАРЫ
Округтердің атауы
2008 жылға жоспар
Адам саны
Сомасы мың теңге
1. Астрахан селолық округі
10
239
2. Аралағаш селолық округі
26
621
3. Власовка селолық округі
10
254
4. Григорьевка селолық округі
18
430
5. Ивановка селолық округі
9
216
6. Қиялы селолық округі
30
717
7. Лесной селолық округі
32
765
8. Полтавка селолык округі
15
360
9. Смирнов селолық окруті
105
2663
10. Тоқшын селолық округі
32
770
11. Шағалалы селолық округі
13
310
12. Черкас селолық округі
10
254
БАРЛЫҒЫ:
310
7599
Ескерту: Қоғамдык жұмыстар жүргізудің орташа мерзімі бір жұмыссызға 1,62 айды құрайды.