Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2008 года областными бюджетами на поддержку развития семеноводства Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің 2008 жылы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының " 2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2007 жылғы 6 желтоқсандағы және " Тұқым шаруашылығы туралы " 2003 жылғы 8 ақпандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Облыстық бюджеттердің 2008 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі;
Тармақша 2
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2008 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері;
Тармақша 3
3) сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2008 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6. Облыстық бюджеттердің 2008 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 154 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің 2008 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің 2008 жылғы республикалық бюджеттен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Ауылшармині) "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңында 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 100 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге трансферттер түрінде көзделген қаражат есебінен және шегінде бірегей тұқым өндірушілердің (бұдан әрі - оригинаторлар) және элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - элиттұқымшарлар) өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ауылшармині облыстық бюджеттерге ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына (бұдан әрі - міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары) сәйкес жүргізеді.
Тармақ 3
3. Бюджеттік субсидиялар:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге;
Тармақша 2
2) жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 3
3) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының және жеміс дақылдары мен жүзімнің көшеттерінің (бұдан әрі - элиталық тұқым мен көшеттер) құнын ішінара арзандатуға арналады.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген және (немесе) перспективалық деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірегей тұқымының нақты өндірілген көлемі үшін төленеді.
Тармақ 5
5. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіру шығындарын ішінара өтеуді бюджеттік субсидиялау Ауылшармині элиталық тұқымдар мен көшеттер алу үшін оларды өндірудің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес көбейту жылдары бойынша тұқымның әрбір түріне әрбір оригинатор үшін белгілеген квоталар шегінде жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Осы Ереженің 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған оригинаторларға жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі нақты орындалған іс-шаралар үшін төленеді.
Тармақ 7
7. Әрбір оригинатор үшін жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету алаңын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) өтінімдерін ескере отырып, Ауылшармині көп жылдық екпелер алаңына келетін телітушілерге қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларына сәйкес белгілейді.
Тармақ 8
8. Осы Ереженің 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған элиттұқымшарларға Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген сорттардың элиталық тұқымы мен көшеттерінің арзандатылған құны бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Ауылшармині тұқымның және көшеттердің әрбір түрі бойынша әрбір облыс үшін белгілеген квоталар шегінде нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
Белгіленген квоталар көлемдерін орындау барысын және бюджет қаражатын игерудің уақтылығын бақылау үшін облыстың жергілікті атқарушы органы Ауылшарминіне тиісті жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат береді.
Аттестатталған тұқым өндірушілер бірегей тұқым өндіру және элиталық тұқым мен көшеттер сату квоталарының белгіленген көлемдерін орындамаған жағдайда облыс ішінде квоталарды қайта бөлуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілетін Аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндірудің және элиталық тұқымдарды сатудың жыл сайынғы квоталарын белгілеу ережесіне сәйкес Ауылшармині жүзеге асырады.
Аттестатталған тұқым өндірушілердің бірегей тұқым өндіру және элиталық тұқым мен көшеттер сату квоталарының белгіленген көлемдерін орындамауы бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлуге әкеп соққан жағдайда Ауылшармині Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Әрбір элиттұқымшар үшін элиталық тұқым мен көшеттердің әрбір түрі бойынша квотаны облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен құрылатын тұрақты жұмыс істейтін комиссия белгілейді және ол облыстың жергілікті атқарушы органының бұйрығымен бекітіледі.
Квоталарды бөлу дақылдың басымдылығын ескере отырып, олардың ғылыми негізделген қажеттілік нормаларына сәйкес егістік алаңына жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Элиттұқымшарлар элиталық тұқым мен көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Ауылшарминінің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
Тарау 2. 2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толығымен өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толығымен өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 10
10. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
Тармақша 1
1) оригинаторлар тиісті жылдың 10 қарашасына дейінгі мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының оригинатор нақты өндірген көлемдері жөніндегі тізілімді;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актілерін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктері бірегей тұқымдарының егістігін сынақтан өткізу актілерін;
егістіктерді сынақтан өткізу туралы екі данадағы есепті;
тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы зертхананың (бұдан әрі - тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана) тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасын ұсынады;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органы ұсынылған құжаттардың шынайылығын тексереді, оригинатор нақты өндірген бірегей тұқымдардың көлемдері жөніндегі тізілімді бекітеді, облыс бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің нақты өндірілген бірегей тұқымдарының көлемдері жөнінде жиынтық тізілім жасайды және тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтерінің негізінде оригинаторларға төленуі тиіс қаражаттың көлемін айқындайды.
Тармақ 11
11. Оригинатор нақты өндірген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі тізілімнің, облыс бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, республика бойынша нақты өндірілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарын кіріске алу актісінің, тексерілген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхана анықтамасының нысандарын Ауылшармині белгілейді.
Тармақ 12
12. Облыстың жергілікті атқарушы органы оригинаторлар ұсынған растаушы құжаттар негізінде осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілген бірегей тұқым үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості жасайды.
Тармақ 13
13. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тармақ 14
14. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жіберілген шығындарды толық өтеу үшін:
Тармақша 1
1) оригинаторлар облыстың жергілікті атқарушы органына отырғызу материалын, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, суармалы суды жеткізуге қызметтерді сатып алуға арналған шарттардың, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады;
Тармақша 2
2) облыстың жергілікті атқарушы органы он жұмыс күні ішінде жасалған шарттардың және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөніндегі шығындарды растайтын құжаттардың шынайылығын тексереді және осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомості жасайды.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес тиесілі сомаларды оригинаторлардың ағымдағы шоттарына аудару үшін облыстың жергілікті атқарушы органы аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындар нәтижелері бойынша оригинатор келесі ай ішінде облыстың жергілікті атқарушы органына келтірілген шығындар бойынша төлем фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін ұсынады.
Тарау 3. 3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқым мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқым мен көшеттердің құнын ішінара арзандатуға арналған бюджеттік субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 15
15. Арзандатылған құн бойынша сатылған элиталық тұқым мен көшеттерге бюджеттік субсидиялар алу үшін:
Тармақша 1
1) элиттұқымшарлар ай сайын 1-күнге қарай ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің саны мен сапасы туралы ақпарат береді;
Тармақша 2
2) элиттұқымшарлар элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар мен көшеттер бойынша - тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
элиталық тұқымдарды өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (көбейту питомниктері, суперэлита және элита егістерін сынақтан өткізу актілері мен сынақтан өткізу туралы есепті, ал көбейту питомниктерінің тұқымы мен суперэлитаны сатып алған жағдайда - тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін);
тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы заңнамада белгіленген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды және көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның және көшеттердің саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушының арасындағы элиталық тұқымды және көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады.
Элиталық тұқымды және көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі - элиттұқымшар үшін, екіншісі - сатып алушы үшін, үшіншісі - ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі - облыстың жергілікті атқарушы органы үшін;
Тармақша 3
3) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымның және көшеттердің нақты сатылған көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
Тармақша 4
4) ауданның жергілікті атқарушы органы мынадай мерзімде: жаздық дақылдар және көшеттер бойынша - тиісті жылдың 1 шілдесіне дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылдың 20 қарашасына дейін облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқым және көшеттер көлемдері жөніндегі жиынтық тізілімді;
сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның және көшеттердің саны туралы элиттұқымшар мен сатып алушы арасындағы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
элиталық тұқымды және көшеттерді мақсатты пайдалану туралы актіні;
тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы заңнамада белгіленген тұқымдардың саны мен сапасы туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
Тармақша 5
5) облыстың жергілікті атқарушы органы:
он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымның және көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
облыс бойынша элиталық тұқым мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқым мен көшеттердің көлемі мен белгіленген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
әрбір элиттұқымшарға белгіленген квоталар шегінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған құны үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості жасайды;
Тармақша 6
6) ұсынылып отырған элиталық тұқымдарды және көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиталық тұқымдарды және көшеттерді мақсатты пайдалану актісінің, элиттұқымшар нақты сатқан элиталық тұқымның және көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдардың және көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Ауылшармині бекітеді.
Тармақ 16
16. Облыстың жергілікті атқарушы органы міндеттемелер мен төлемдер бойынша көрсетілген бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік субсидиялар төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада ақы төлеу шоттарының тізілімін және ақы төлеу шоттарын береді.
Тармақ 17
17. Оригинаторлар және элиталық тұқым шаруашылықтары облыстың жергілікті атқарушы органына Ауылшармині бекіткен нысан бойынша есепті кезеңде алынған бюджеттік субсидияларды мақсатты пайдалану туралы есеп береді.
Тармақ 18
18. Ай сайын 25-күнге қарай, бірақ тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей облыстың жергілікті атқарушы органы Ауылшарминіне тұқым шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомостердің және жиынтық ведомостердің көшірмелерін, көрсетілген бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыру туралы есепті ұсынады.
Тарау 4. 4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
4. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 19
19. Ауылшарминінің тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Облыстың жергілікті атқарушы органы бюджеттік субсидиялар төлеу үшін тапсырылған құжаттардың шынайылығы үшін жауапты болады.
Тармақ 21
21. Ауылшармині және облыстың жергілікті атқарушы органы бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілік алады.
Ережеге 1-қосымша
Басқа 1. 200 жылғы "_" - " " кезеңінде өндірілген бірегей тұқымдар үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ
Бекітемін
__________________________облысы
ауыл шаруашылығы департаментінің
(басқармасының) бастығы
_______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200 жылғы " "
200 жылғы "_" - " " кезеңінде өндірілген бірегей тұқымдар үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ
Аудан-
ның
атауы
Бірегей
тұқым
өндіру-
шінің
атауы
Дақыл
Өсім-
паздық
Бірегей тұқым
өндірудің
жылдық
квотасы
Өндірілген бірегей
тұқымдарды бюджет-
тік субсидиялауға
нақты берілген
құжаттар
тонна
сома-
сы,
(теңге)
жыл
басынан
200_ ж.
" "
" "
кезеңінде
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиыны:
кестенің жалғасы
Өндірілген
бірегей тұ-
қымдардың 1
тоннасына
арналған
бюджеттік
субсидиялар
нормативі,
теңге
Жыл
басынан
тиесілі
бюджеттік
субсидия
сомасы,
теңге
Жыл
басынан
төлен-
гені,
теңге
Тиесілі
бюджеттік
субсидия
сомасының
қалдығы,
теңге
200_ж.
" "
квота
шегінде
төлеуге
жататыны,
теңге
9
10
11
12
13
________________________________облысының
ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы)
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 2. 200 жылғы " " - " " кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ
Ережеге 2-қосымша
Бекітемін
__________________________облысы
ауыл шаруашылығы департаментінің
(басқармасының) бастығы
_______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200 жылғы " "
200 жылғы " " - " " кезеңінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ВЕДОМОСТЬ
Аудан-
ның
атауы
Бірегей
тұқым
өндіру-
шінің
атауы
Дақыл
Іс-шара атауы
(салу
және/
немесе
қызмет
көрсе-
ту)
Салудың және/
немесе қызмет
көрсетудің
жылдық квотасы
Салуға
және/немесе
қызмет көрсетуге
нақты берілген
құжаттар
га
сомасы,
(теңге)
жыл
басынан
200_ ж.
" "
" "
кезеңінде
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиыны:
кестенің жалғасы
Салудың
және/немесе
қызмет
көрсетудің 1
гектарына
арналған
бюджеттік
субсидиялар
нормативі,
теңге
Жыл
басынан
тиесілі
бюджеттік
субсидия
сомасы,
теңге
Жыл
басынан
төлен-
гені,
теңге
Тиесілі
бюджеттік
субсидия
сомасының
қалдығы,
теңге
201_ж.
" "
квота
шегінде
төлеуге
жататыны,
теңге
9
10
11
12
13
________________________________облысының
ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы)
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Ережеге 3-қосымша
Басқа 3. 200 жылғы " " - " " кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған құны үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомосі
Бекітемін
__________________________облысы
ауыл шаруашылығы департаментінің
(басқармасының) бастығы
_______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200 жылғы " "
200 жылғы " " - " " кезеңінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның және көшеттердің ішінара арзандатылған құны үшін бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомосі
Аудан-
ның
атауы
Элитұ-
қымшар
атауы
Дақыл
Сатыл-
ған күні
Элиталық тұқымды
сатудың жылдық
квотасы
Квота шегінде
элиталық тұқым-
дарды бюджеттік
субсидиялауға
нақты берілген
құжаттар, тонна
тонна
сомасы,
(теңге)
жыл
басынан
200_ ж.
" "
" "
кезеңінде
1
2
3
4
5
6
7
8
Жиыны:
кестенің жалғасы
Сатылған
элиталық
тұқымдардың
1 тоннасына
арналған
бюджеттік
субсидиялар
нормативі,
теңге
Жыл
басынан
тиесілі
бюджеттік
субсидия
сомасы,
теңге
Жыл
басынан
төлен-
гені,
теңге
Тиесілі
бюджеттік
субсидия
сомасының
қалдығы,
теңге
200_ж.
" "
квота
шегінде
төлеуге
жататыны,
теңге
9
10
11
12
13
_________________________________облысының
ауыл шаруашылығы департаменті (басқармасы)
құрылымдық бөлімшесінің басшысы (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 4. Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2008 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 154 қаулысымен
бекітілген
Көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2008 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері
Р/с N
№
Өнімнің түрі,
іс-шаралар
Бірегей тұқымның 1 тоннасын
(данасын)
өндіруге,
аналықтар
салуға
жіберілген шығындарды өтеу пайызы,
(дейін)
Бір тоннаға
(данаға,
гектарға)
арналған
бюджеттік
субсидиялар
нормативі,
теңге
1
2
3
4
Көбейту питомниктері мен аналық нысандар
1
Жүгері мен күріштен басқа, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар
40
55187
2
Жүгері
40
332808
3
Күріш
40
76269
4
Қытайбұршақ
40
161907
5
Күнбағыс
40
412262
6
Басқа майлы дақылдар
40
161907
7
Картоп
40
124241
8
Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді
40
40
571733
219436
9
Бір жылдық шөптер
40
56697
10
Қант қызылшасы
40
2085600
11
Мақта
40
212128
12
Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу
100
1323723,4
13
Салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету
100
112047,2
Суперэлита
1
Жүгері мен күріштен басқа, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар
40
12072
2
Жүгері
40
72802
3
Күріш
40
18300
4
Күнбағыс
40
90182
5
Қытайбұршақ
40
35417
6
Басқа майлы дақылдар
40
35417
7
Картоп
40
27178
8
Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді
40
40
12067
48002
9
Біржылдық шөптер
40
12462
10
Қант қызылшасы
40
1000000
11
Көкөніс
40
878400
Басқа 5. Сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2008 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 ақпандағы
N 154 қаулысымен
бекітілген
Сатылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2008 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері
Р/с
N
Өнімнің түрі
Элиталық
тұқымның
1 тоннасының
құнын арзан-
дату пайызы,
(дейін)
Сатылған эли-
талық тұқымның
1 тоннасына
бюджеттік
субсидиялар
нормативі,
теңге (дейін)
1
2
3
4
1
Жұмсақ бидай
40
19330
2
Қатты бидай
40
20160
3
Қара бидай
40
19330
4
Арпа
40
15080
5
Сыра дайындауға арналған арпа
40
15900
6
Сұлы
40
15080
7
Тары
40
18400
8
Қарақұмық
40
21120
9
Жүгері:
кеш пісетін,
орташа-кеш және
орташа пісетін
бірінші ұрпағының
будандары;
ерте пісетін
бірінші ұрпағының
будандары
40
40
103600
67200
10
Күріш
40
25488
11
Асбұршақ
40
20600
12
Ноқат
40
21280
13
Қытайбұршақ
40
21200
14
Басқа дәнді бұршақты дақылдар
40
15000
15
Күнбағыс:
элиталық тұқымдар;
бірінші ұрпағының
будандары
40
40
168000
140000
16
Рапс
40
78080
17
Басқа майлы
дақылдар
40
42744
18
Картоп
40
40000
19
Көкөніс
40
420000
20
Көп жылдық шөптер:
бұршақты
дәнді
40
40
170000
65584
21
Біржылдық шөптер
40
30000
22
Қант қызылшасы
40
1500000
23
Мақта, бірінші
өсімпаздықты қоса
алғанда
40
45000
24
Жеміс дақылдарының
көшеттері
40
140
25
Жүзім көшеттері
40
90