Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на строительство и приобретение жилья на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесін бекіту туралы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 383 Жарлығына , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына , "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 ақпандағы N 191 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру ережесі "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына , "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 25 тамыздағы N 383 Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 867 қаулысына, "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.
Тарау 2. 2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру тәртібі
2. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және сатып алуға 2008 жылға кредит беру тәртібі
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2008 жылға арналған бюджеттерінде тиісті түсімдерді, сондай-ақ "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысы 4-тармағының 15) тармақшасын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Ереженің 2-тармағы орындалғаннан кейін "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1223 қаулысының 18-қосымшасына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар (бұдан әрі - шарттар) жасасу арқылы 16200000000 (он алты миллиард екі жүз миллион) теңге сомасына бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) берсін.
Тармақ 4
4. Қарыз алушыларға кредиттер берудің мынадай негізгі шарттары белгіленсін:
Тармақша 1
1) қарыз алушыларға кредиттер Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде тұрғын үй салуға және сатып алуға 3 (үш) жыл мерзімге сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
Тармақша 2
2) республикалық бюджетке кредиттерді қайтаруды қарыз алушылар белгіленген мерзімде жүргізеді;
Тармақша 3
3) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі және 2010 жылғы 25 желтоқсанда аяқталады.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес шарттар жасасуды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.