Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылғы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, ауданның жеке санаттағы азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек беру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау туралы ұсынылған Нұсқаулығы бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 2
2. 2007 жылдың 1 ақпандағы № 19/2 аудан әкімдігінің қаулысымен бектілген, «2007 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеметтік төлем тағайындау Нұсқауларын бекіту жөніндегі» (2007 жылдың 28 ақпандағы Ертіс ауданының әділет басқармасында МТН 12-7-47 тіркелген,, 2007 жылдың 7 наурызында № 23-24 «Ертіс нұры» газетінде жарияланған), аудан әкімдігінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі № 270/6 қаулысында енгізілген толықтырулары және өзгерістермен, Ертіс ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 28 қырүйектегі МТН 12-7-54 тіркелген, күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны арнайы жарияланған кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау және оны үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру аудан әкімінің орынбасары А.Н. Воронинге жүктелсін.
Басқа 5. 2008 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қантар № 6/1 қаулысымен бекітілген 2008 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі Нұсқауы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республиксындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, жергілікті уәкілеттік органның шешімі бойынша ауданның жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау осы ұсынылып отырған Нұсқауының тәртібі бойынша анықталады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Жеке әлеуметтік төлемдер алуына құқылы санаттағы азаматтар:
2. Жеке әлеуметтік төлемдер алуына құқылы санаттағы азаматтар:
Тармақша 1
Тармақ 2
2. Бір жолғы әлеуметтік кһмек алуына келесі санаттағы азаматтар құқылы: 1) аз қамтамасыз етілген азаматтар, оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғалар – құжаттандыруды жүргізу үшін;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген азаматтар: табысына тәуелді емес, онкологиялық аурулары мен жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғалар емделулеріне мұқтаж; табысына тәуелді емес көру шырағы бойынша 1 топтағы мүгедектер; созылмалы ауру түрімен ауыратын тұлғалар – орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен;
Тармақша 3
3) жалғыз басты қарт адамдардың , Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) ардагерлері мен мүгедектерін «Ертіс нұры» мен «Иртыш» аудандық газеттеріне, «Наш край», «Сарыарқа самалы», мен «Звезда Прииртышья» облыс газеттеріне, «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» республикалық газеттеріне жазу;
Тармақша 4
4) жалғыз басты қарттарға, ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектерінің жергілікті монша мен шаштараздарына тегін баруларына;
Тармақша 5
5) жалғыз бастылар, жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлердің аталып өтетін мерекелік күндері: Жаңа жыл, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні.
Тармақша 6
6) «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
Тармақша 7
7) Жаңа жылға – отбасындағы аз қамтамасыз етілген балалар, бірыңғай жетімдер, мігедек балалар және балаларды қорғау күні;
Тармақша 8
8) 2007 – 2008 оқу жылына орта кәсіби оқу орындарында (бұдан әрі - ОКОО) оқып жатқан студенттер:
Тармақша 9
9) ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектері: дәрі – дәрімек алуларына ай сайынғы көмек; аудан әкімінен Жеңіс күніне орай сыйлықтар; тұрғын үй жөндеуне; телефонға абоненттік төлем; жол жүру құжаттары бойынша Республикалық госпиталға баруына жолақысының төлемі; жылу жүйесіне, ал жайсыз пәтерде тұратындарға – екі тонна мөлшерінде көмір алуларына төлем; тістерін протездеуге; мерей тойларына;
Тармақша 10
10) 80, 90, 100 жастан асқан зейнеткерлердің-Қарттар күнінің аталып өтуі;
Тармақша 11
11) облыс көлеміндегі дербес зейнеткерлері-ай сайынғы қосымша төлем;
Тармақша 12
12) Құрметті азаматтардың ішіндегі зейнеткерлері-санаториялық-емделу курортына.
Тармақша 13
13) Денсаулық сақтау Департаментінің жолдамасы бойынша Республика көлеміндегі сырқаттардың жүріп тұру жолына төлем.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемдерін тағайындау тәртібі және басқа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
3. Әлеуметтік төлемдерін тағайындау тәртібі және басқа әлеуметтік көмек көрсету түрлері
Тармақ 3
3. Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемін тағайындау Нұсқауының 2-ші тармағында көрсетілген: 4 тармақшада көрсетілген санаттар үшін – талон бойынша шаштаразға, қоғамдық моншаға бару үшін бекітілген тізімге сәйкес жеке шотына аудару;
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлемің және басқадай әлеуметтік көмек түрлеріне жүзеге асыру үшін құжаттардың тізбесі
4. Әлеуметтік төлемің және басқадай әлеуметтік көмек түрлеріне жүзеге асыру үшін құжаттардың тізбесі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемін төлеу және басқадай әлеуметтік көмекті жүзеге асыру үшін Нұсқауындағы 2-ші тармағында көрсетіген жеке санаттағы азаматтардың келесі құжаттары қажет: бұдан басқа, студенттер үшін жоғары оқұ орнынан келесі курсқа көшкені туралы анықтама және алдыңғы оқу жылының қорытындысы; құжаттандыруды жүргізу үшін – әділет бөлімінен анықтама; емделуге-дәрігерлік кеңес комиссиясынан, медициналық әлеуметтік сараптамалық комиссиянан анықтама; жерлеуге – жергелен тұлғанын өтініші, АХАТ органынан анықтама, қайтыс болған туралы куәлік, қайтыс болғанның мәртебесін растайтын құжатты; өкпе ауруымен ауырғандарға – дәрігерден жолдама; ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектері үшін –соғыс ардагерінің куәлігі.
Тарау 5. 5. Отбасының жалпы кірісін есептеу
5. Отбасының жалпы кірісін есептеу
Тармақ 6
6. Жалпы кіріске отбасындағы әр адамның кірісі алынады.
Тармақ 7
7. Жалпы кірісті есептегенде тұрғын үй көмегінен басқа ақшалай немесе заттай алған кірістер өтініш берілген айдың алдындағы 6 ай көлемінде есептеледі.
Тармақ 8
8. Жалпы кірісті есептеу өтініш иесінің берген мәліметтері арқылы жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы алты айға алған жалпы кірісті отбасының әр мүшесіне шағу арқылы есептеледі.
Тарау 6. 6. Төлем
6. Төлем
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлемін алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқын мәртебесі барлар, азаматтағы жоқ шетел азаматтары, ауқытша тұрып жатқандар және Ертіс ауданының аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқығы бар.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік төлемі мына түрде беріледі:
Тармақша 1
1) бір жолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) жылына бір рет төлем.
Тармақ 12
12. Қаржыландыру көзі аудан бюджеті.
Тармақ 13
13. Отбасының жалпы кірісі өтініш берушінің әлеуметтік төлем алуына құқылы екенін анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептеледі.
Тармақ 14
14. Өтініш берушінің есеп шотына ақша қаражаты төлемін аудару жолы АҚ (Қазпошта) филиалы арқылы жүргізіледі.
Тарау 7. 7. Есеп және есеп беру
7. Есеп және есеп беру
Тармақ 15
15. Әлеуметтік төлеміне көмек көрсетуде жұмсалған қаржыға есеп және есеп беру Бөлімде жүргізіледі.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік төлем негізінде алынған алғашқы құжаттар (белгіленген тізбе боынша өтініш иесі ұсынған өтініш, құжаттар), Заңнамамен бекіткен мерзім ішінде Бөлімде сақталады.