2008 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармакшасы, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы жэне Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Арыс қалалық жұмыспен қамту жэне әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (К.Ділдәбекова) бекітілген тізбеге сэйкес 2008 жылғы арналған жергілікті бюджетте қоғамдық жұмысқа қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға ұйымдастыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасындағы жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Арыс қалалық қаржы бөлімі (Т.Әшенов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала экімінің орынбасары С.Сұлтановқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Басқа 7
Арыс каласы әкімдігінің
2008 жылғы «16» каңтардағы
№ 60 каулысымен
бекітілген
№
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардың түрлері
Жұмыспен
қамтылғандардың
саны
1
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушьшар көлігі жэне автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары
Аймақтық қоғамдық жұмыстарды өткізуге көмектесу
32
2
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жэне автомобиль жолдары бөлімі, Ауылдық округ әкімі аппараттары, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Жолдар құрылысы, оларды жөндеу
10
3
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Көгалдандыру, ағаштар отыргызу
30
4
Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Ішкі істер бөлімі
Берілген өтінімдеріне сәйкес Біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі және ішкі істер бөлімдерінің жұмыстарына қатысу
20
5
Арыс қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жэне автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараттары, қалалық мектептер
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу
30
6
Арыс қаласының тұргын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жэне автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Тұргын үй, шаруашьшық ұйымдарына көмек көрсету
50
7
Арыс қаласының тұргын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, мемлекеттік тұрғын үй жөнінен қызмет көрсету мекемелері
Аймақтық экологиялық сауықтыру, көріктендіру
40
8
Арыс қаласының тұрғын үй, комммуналдык шаруашылық, жолаушылар көлігі жэне автомобиль жолдары бөлімі
Әлеуметтік маңызы бар және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
188
9
Мемлекеттік коммуналдық қызметпен айналысатын кәсіпорындар
Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу
30
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 1, 4 ай. Іс жүзіндегі сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі, 2008 жылғы арналған қалалық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Жұмыссыздардың еңбекақысы қалалық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақымен ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа пайдалана алатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.