Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета 2008 года областными бюджетами на субсидирование повышения продуктивности и качества продукции животноводства Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы N 204 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 107 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) көзделген қаражат есебінен және шегінде құрама азықтың (құнарлы жемшөптің) құнын арзандату арқылы, мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ бағаны тұрақтандыру үшін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялар сиыр етін, шошқа етін, қой етін, бройлерлік құс етін (бұдан әрі - тауық еті), жұмыртқалағыш кростың құс жұмыртқасын (тағамдық жұмыртқа) (бұдан әрі - жұмыртқа) және сүтті өндіру мен сатуды ынталандыру, жануарлардың өнімділігін, өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ірі қара малды, шошқаны, қойды және құсты бордақылау (азықтандыру) кезінде пайдаланылатын құрама азықтың (құнарлы жемшөптің (бұдан әрі - құнарлы жемшөп) құнын 45%-ға дейін ішінара арзандатуға арналады. Сиыр етін, шошқа етін, қой етін, құс етін, жұмыртқаны және сүтті өндіруге маманданған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорындар) құрама азықты (құнарлы жемшөп) арзандатуға арналған субсидиялар төлеу ішкі рынокта сатылған сиыр етінің, шошқа етінің, қой етінің, құс етінің сойыс салмағында, жұмыртқаның және қайта өңдеу кәсіпорындарының сүтіне, (жеке қайта өңдеу цехтарын қоса алғанда) және (немесе) сауда объектілеріне, оның ішінде жеке, сондай-ақ ауруханаларға, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге (сүт өнімін қоспағанда) іс жүзіндегі көлемі үшін жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Субсидия: ірі қара малды бордақылаумен айналысатын және бордақылау үшін құрама азықты (құнарлы жемшөпті) пайдаланатын, сиыр етін өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға; азықтандыруда құрама азықты пайдаланатын сүтті мал тұқымдарын өсірумен және ұстаумен айналысатын сүт өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға; қойларды бордақылаумен және оларды бордақылау үшін құнарлы жемшөпті пайдаланумен айналысатын қой етін өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға; шошқаны бордақылау үшін құрама азықты пайдаланатын шошқа етін өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға; құс етін және жұмыртқаны өндіру жөніндегі мамандандырылған кәсіпорындарға; бордақыланған малдарды ірі партиямен 50-ден және одан да көп мал басын сатқан кезде мамандандырылған кәсіпорындарға төленеді, бұл ретте малдардың тірі салмағын сойысқа аудару үшін Министрлік бекіткен аудару коэффициенті қолданылады.
Тармақ 4
4. Субсидиялауға мыналар жатпайды: сиыр етін, шошқа етін, қой етін, құс етін, жұмыртқаны және сүтті (бұдан әрі - өнім) одан әрі сату және (немесе) қайта өңдеу үшін мамандандырылған кәсіпорындар басқа да заңды және (немесе) жеке тұлғадан сатып алынған өнім; өзара есеп айырысу есебінде немесе аффиилирленген тұлғаларға айырбас бойынша мамандандырылған кәсіпорындарға сатылған өнім; амалсыз сойылу нәтижесінде мамандандырылған кәсіпорындар алған өнім; сиырды суалту алдындағы соңғы бес күнде және сиыр бұзаулағаннан кейін бірінші жеті күнде, жұқпалы аурулардан таза емес малдардан мамандандырылған кәсіпорындар алған (сүт) өнім.
Тармақ 5
5. Осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген субсидиялар тиісті облыстың жергілікті атқарушы органы бекітетін субсидиялар алуға арналған тізімге енгізілген мамандандырылған кәсіпорындарға беріледі.
Тармақ 6
6. Мамандандырылған кәсіпорындарға және өндірілетін өнім сапасына қойылатын өлшемдерді, субсидиялар алуға арналған өтінімдерді, сатылған өнім үшін субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомості, тірі салмағын сойысқа аудару коэффициентін, қаражатты бөлудің жылдық сметасын, есеп нысанын, сондай-ақ өнімді сатып алу-сату шартының ұсынылатын нысандарын Министрлік бекітеді.
Тармақ 7
7. Ірі қара малды, шошқаны, қойды, құсты бордақылау (азықтандыру), сондай-ақ сүтті өндіру үшін пайдаланылатын құрама азықтың (құнарлы жемшөптің) 1 (бір) килограмының құнын арзандату, өнімнің 1 (бір) килограмын өндіруге (10 дана) жұмсалатын құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының, өз өндірісінің сатылған өнімінің 1 (бір) килограмына (1 дана) арналған субсидиялардың нормативі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Тармақ 8
8. Министрлік облыстық бюджеттерге мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық ауыл шаруашылығы департаменттері (басқармалары) (бұдан әрі - департаменті (басқармасы) мәлімдеген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес аударады.
Тармақ 2. 2. Мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға берілетін субсидияларды пайдалану тәртібі
2. Мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға берілетін субсидияларды пайдалану тәртібі
Тармақ 9
9. Облыс әкімінің шешімімен облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасарының төрағалығымен құрамында департамент (басқарма), Министрліктің аумақтық инспекциясының, облыстық статистика басқармасының мамандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ет өндірушілері қауымдастығының өкілдері бар комиссия (бұдан әрі - Облыс комиссиясы) құрылады. Департамент (басқарма) Облыс комиссиясының жұмыс органы болып табылады. Облыс комиссиясының құзыретіне мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) ұсынған субсидиялар алуға арналған өтінімді, сондай-ақ Министрлік бекіткен мамандандырылған кәсіпорындардың технологиялық параметрлерге сәйкестігін (бұдан әрі - материалдар) қарау;
Тармақша 2
2) материалдарды қарау қорытындылары бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың субсидиялар алуға арналған тізімін, субсидиялауға жататын өнімді сатуға арналған жылдық квоталарды, сондай-ақ субсидиялар көлемін облыс әкіміне бекітуге ұсыну.
Тармақ 10
10. Мамандандырылған кәсіпорындардың өтінімі белгіленген квотадан асып түскен жағдайда, Комиссия тұқымдық малдың үлес салмағы жоғары болған мамандандырылған кәсіпорындарды тізімге енгізеді.
Тармақ 11
11. Мамандандырылған кәсіпорындар осы Ереже ресми жарияланған күннен бастап екі апта мерзімде субсидиялар алуға арналған материалдарды тиісті аудандардың бөлімдеріне ұсынады.
Бөлім 12. 12. Бөлім үш жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды тексеруді жүзеге асырады және олардың сәйкестігі жағдайында аудан әкімінің қол қоюымен Облыс комиссиясының қарауына жібереді.
12. Бөлім үш жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдарды тексеруді жүзеге асырады және олардың сәйкестігі жағдайында аудан әкімінің қол қоюымен Облыс комиссиясының қарауына жібереді.
Тармақ 13
13. Облыс әкімі Комиссияның ұсынысы бойынша: мамандандырылған кәсіпорындардың субсидиялар алу құқығына арналған тізімін; мамандандырылған кәсіпорындарға берілетін квоталар мен сатылатын өнімнің жоспарланып отырған көлеміне арналған субсидияларды бекітеді.
Тармақ 14
14. Тізімге енгізілген мамандандырылған кәсіпорындар өнімнің сатылуына қарай субсидиялар алу үшін ай сайын 20-күнінен кешіктірмей бөлімге мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына, сауда объектілеріне, сондай-ақ ауруханаларға, мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге сатқан жағдайда: жеке өндірісінің өнімін сату көлемі туралы аумақтық статистика органы берген ақпарат; өнімді сатып алу-сату шарты; сатылған өнімге төлем құжатының көшірмесі (нақты ақшасыз жағдайда банкінің төлем тапсырмасы және (немесе) қолма-қол есеп айырысу жағдайында кіріс-кассалық ордер);
Тармақша 2
2) өнімді жеке дүкендер жүйесі арқылы сатқан немесе жеке цехқа қайта өңдеуге берген жағдайда: жеке өндірісінің өнімін өндіру көлемі туралы аумақтық статистика органы берген ақпарат; өнімді жөнелту туралы жүкқұжат; сатылған (қайта өңделген) тиісті көлем өніміне төлем құжатының көшірмесі (нақты ақшасыз есеп-айырысу жағдайында банктің төлем тапсырмасы және (немесе) қолма-қол есеп айырысу жағдайында кіріс-кассалық ордер).
Бөлім 15. 15. Бөлім әр айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Ережедегі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың біріктірілген жиынтық ведомосын қалыптастыратын департаменттің (басқарманың) қарауына осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген жиналған құжаттарды және ақы төлеу шотын ұсынады.
15. Бөлім әр айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Ережедегі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстың біріктірілген жиынтық ведомосын қалыптастыратын департаменттің (басқарманың) қарауына осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген жиналған құжаттарды және ақы төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 16
16. Бекітілген квоталар шегінде мамандандырылған кәсіпорындар өндірілген өнімді қайта өңдеу кәсіпорындарына, сауда объектілеріне, сондай-ақ ауруханаларға, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге, қылмыстық-атқару жүйесі ұйымдарына және әскери бөлімдерге тең көлемде сатылуын жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Тиесілі субсидияларды тиісті мамандандырылған кәсіпорындардың ағымдағы шоттарына аударуды департамент (басқарма) белгіленген тәртіппен бекітілген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Департамент (басқарма) құжаттардың, сондай-ақ субсидиялар төлеу үшін ұсынылатын материалдардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
Тармақ 19
19. Департамент (басқарма) ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2008 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлік бекіткен нысандар бойынша бюджеттік кіші бағдарламаның іске асырылу барысы туралы есепті Министрлікке ұсынады.
Тармақ 20
20. Қандай-да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік кіші бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Тармақ 21
21. Ағымдағы нысаналы трансферттердің орынды, тиімді және уақтылы пайдаланылуы үшін Министрлік және облыстар әкімдері жауапты болады.
Басқа 31. 1. Құрама азықтың (құнарлы жемшөп) 1 килограмының құнын арзандату нормативі
Облыстық бюджеттердің 2008 жылдың республикалық бюджетінен мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруды субсидиялауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне 1-қосымша 1. Құрама азықтың (құнарлы жемшөп) 1 килограмының құнын арзандату нормативі Өнім­нің ата­уы Құ­ра­ма азық­тың (құ­нар­лы жем­шөп) 1 ки­ло­гра­мын ар­зан­да­ту нор­ма­ти­ві, тең­ге Құс еті 25,4 Ірі қа­ра мал еті құ­ра­ма азық 13,8 құ­нар­лы жем­шөп 9,5 Қой еті 9 Шош­қа еті 13,9 Сүт 16,2 Жұ­мырт­қа 13,2 2. 1 килограмм (10 дана) өнім өндіруге арналған құрама азық (құнарлы жемшөп) шығысының нормативі Өнім­нің тү­рі 1 ки­ло­грамм (10 да­на) өнім өн­ді­ру­ге ар­нал­ған құ­ра­ма азық (құ­нар­лы жем­шөп) шы­ғы­сы­ның мөл­ше­рі Құс еті 2,61 Ірі қа­ра мал еті құ­ра­ма азық 10 құ­нар­лы жем­шөп 12 Қой еті 4 Шош­қа еті 7 Сүт I   сорт 0,5 II сорт 0,3 Жұ­мырт­қа 2,0 3. Жеке өндірістің сатқан өнімінің 1 килограмына (1 дана) арналған субсидиялардың нормативі Өнім­нің тү­рі Же­ке өн­ді­рі­стің са­тқан өні­мі­нің 1 ки­ло­гра­мы­на (1 да­на) ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар­дың нор­ма­ти­ві, тең­ге Құс еті 66 Ірі қа­ра мал еті 138 113 Қой еті 36 Шош­қа еті 98 Сүт I сорт 8 II сорт 5 Жұ­мырт­қа 2,6 "Бекітемін"                                Облыстық бюджеттердің ____________облысы                       2008 жылдың республикалық Ауыл шаруашылығы департаментінің      бюджетінен мал шаруашылығының (басқармасының)                      өнімділігі мен өнімінің сапасын басшысы______________(Т.А.Ә.,       арттыруды субсидиялауға арналған қолы, мөрі)                         ағымдағы нысаналы трансферттерді 200_жылғы "__"_________                     пайдалану ережесіне 2-қосымша _________облысы бойынша 2008 жылғы______айы өндіруге және сатуға арналған құрама азықтардың (құнарлы азықтардың) пайдаланылған көлемі үшін_____________субсидиялар төлеуге арналған (сиыр еті, шошқа еті, құс еті, жұмыртқа және сүт - керегін қалдыру) біріктірілген жиынтық ведомосы Ата­уы Өнім са­ту­дың жыл­дық кво­та­сы, тон­на, мың да­на 1 тон­на құ­ра­ма азық­тар- дың ар- зан­да­тыл- ған нор- ма­ти­ві, мың тең­ге Суб­си­дия- лар­дың жал­пы қа- жет­ті­лі­гі, мың тең­ге Нақ­ты са­ты­л­ған өнім, тон­на, мың да­на ма­ман- дан­ды- ры­л­ған кә­сіп- орын­дар өнім- дер жыл ба­сы­нан есеп­ті ай­дан кей­ін­гі кестенің жалғасы Өнім­ді өн­ді­ру және са­ту үшін нақ­ты пай­да­ла­ныл- ған құ­ра­ма азық, тон­на Жыл ба­сы­нан бе­рі ти­е­сі- лі суб­си- ди­я­лар­дың со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сы­нан бе­рі тө­лен­ге­ні, тең­ге Суб­си­дия- лар­дың ти­е­сі­лі со­ма­сы­ның қал­ды­ғы, тең­ге Тө­ле­ну­ге жа­та­ты­ны, тең­ге жыл ба­сы­нан есеп­ті ай­дан кей­ін­гі Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға)                _______________________(Т.А.Ә., қолы) Бухгалтер (жауапты тұлға)     ________________________(Т.А.Ә., қолы)