Қолданыстағы ред. 12.12.2007

2008 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы от 12.12.2007 г. № 441 (2008 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы)

0

2008 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру» Қаулысымен бекітілген ережелерін басшылыққа ала отырып, Аягөз аудандық жұмыспен қамту туралы және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында тіркелген азаматтарға төлемді қоғамдық жұмысты іске асыру, жетілдіру және бұрынғы жұмыс орнын қолдау, жаңадан жұмыс орнын құру мақсатында Аягөз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылға Аягөз ауданы мен Аягөз қаласы бойынша ақылы қоғамдық жұмыстың 550 орынға тізбесі бекітілсін (№ 1 қосымша).

2

2. Нысаналы топтар белгіленсін (№ 2 қосымша).

3

3. Ақылы қоғамдық жұмысты қаржыландыру жергілікті бюджеттен және жұмыс берушінің атқарған жұмыс есебінен жүргізіледі, Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сай және жеке келісім шарт негізінде ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылган адамдардың төлем ақысы атқарган жұмыстың ауырлыгын ескеріп, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген еңбек ақыдан кем болмауы керек.

4

4. Қаулы әділет органдарында тіркеліп, ресми жарияланган күннен бастап қолданысқа енеді.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

6. Төлемді қоғамдық жұмысты ұйымдастыратын ұйым, мекемелер тізбесі

Аягөз ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 441 қаулысына № 1 қосымша
Төлемді қоғамдық жұмысты ұйымдастыратын ұйым, мекемелер тізбесі

7. Нысаналы топтар тізбесі

Аягөз ауданы әкімдігінің
2007 жылғы «12» желтоқсандағы
№ 441 қаулысына № 2 қосымша
Нысаналы топтар тізбесі
- табысы аз адамдар;
- 24 жасқа дейінгі жастар;
- балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
- кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
- Қазақстан Республиксының Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында түрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
- Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
- бас бостандығынан айыру немесе мэжбүрлік емдеу орындарынан босатылған адамдар;
- оралмандар;
- мүгедектер;
- нашақорлыққа тәуелді азаматтар;
- аз қамтылған жанұяның 14 жастан асқан мектеп оқушысы;
- аз қамтылған жанүяның студент баласы жазғы демалыс кезінде;
- адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышын жұқтырған азаматтар;
- ұзақ уақыт жұмыс істемеген азаматтар.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының бастығы
Мұстафаев Б.У.