Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на предприятиях Егиндыкольского района на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Егіндікөл ауданының кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектер үшін жұмыс орнына үш пайыз мөлшерінде квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармағына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс орнының жалпы санынан мүгедектер үшін жүмыс орнына үш пайыз мөлшерінде квота белгілесін.
Тармақ 2
2. 2008 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын жұмыс орындарының саны мен кәсіпорындар тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерді құрылатын жұмыс орындарына жіберуді жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының әрекеті 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Егіндікөл ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде ресми жарияланған соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Қосымша Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № а-1/19 қаулысымен бекітілді 2008 жылға арналған мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін құрылатын жұмыс орындарының саны мен кәсіпорындардың ТІЗБЕСІ Рет № Кәсіпорындар атауы Жұмыс орындарының саны 1. ШЖҚ «Егіндікөл - Су» МКК (келісім бойынша) 1 2. «Сарымсақты» ЖШС (келісім бойынша) 1 3. «Шарафутдинов және К АШК» ЖШС (келісім бойынша) 1 4. «Дос» ЖШС (келісім бойынша) 1 Жиынтығы: 4