Об утверждении перечня предприятий, организаций, учреждений города Караганды, организующих общественные работы на 2008 год Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне" сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі, жұмыс түрлері мен көлемдері, қаржыландыру көзі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына екі төменгі еңбекақы көлемінде бекітілсін.
Тармақ 3
3. Өкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Мәрия Қалиақпарқызы Құсаиынова) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға типтік шарт жасасын.
Тармақ 4
4. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 44/12 қаулысының күші жойылды деп танылсын, (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-1-60, 2007 жылғы 1 қарашадағы N 126 (20522) "Индустриальная Караганда" және 2007 жылғы 1 қарашадағы N 175 (20349) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Алмагүл Аманжолқызы Сәлімбаеваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 ақпанынан пайда болған қатынастарға қолданылады.
Басқа 7
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 02/04 қаулысына қосымша 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын Қарағанды қаласы кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің тізбесі N Мекемелердің атауы Адам саны Жұмыстың түрлері Қаржылардыру көзі Жұмыс көлемі, теңге 1 "Қалалық коммуналдық шаруашылық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 95 Қаланы көркейту және көгалдандыру Қарағанды қаласының бюджеті 2946030 2 "Мәдениет және демалыс бақтарының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 75 Көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау Қарағанды қаласының бюджеті 2325813 3 "Қалалық жарық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 12 Жарық беру желілерін күтіп ұстау бойынша жұмыс Қарағанды қаласының бюджеті 389885 4 Октябрь ауданы әкімінің аппараты 144 Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату қондырғыларын тексеру Қарағанды қаласының бюджеті 4451861 5 Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты 134 Парктерде, саяжайларда, бос жерлерде санитарлық тазалық сақтау, тұрғын үйлердің техникалық жағдайын тексеру, лифт шаруашылығын түгендеу, газ тарату және аудандарды жарықпен безендіру қондырғыларын тексеру Қарағанды қаласының бюджеті 4141752 6 Қарағанды қаласы әкімінің аппараты 53 Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту және тарату Қарағанды қаласының бюджеті 1643111 7 Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы бойынша салық комитеті 55 Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түыртектерін және хабарламалар тарату Қарағанды қаласының бюджеті 1705596 8 Қарағанды қаласы Октябрь ауданы бойынша салық комитеті 55 Тұрғындармен жұмыс, көлікке және мүлікке салық төлеу түыртек және хабарламалар тарату Қарағанды қаласының бюджеті 1705596 9 "Шахтер" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 80 Тұрғылықты жері бойынша аула клубтарында жасөспірімдермен және жастармен жұмыс, бекітілген аумақты тазалау Қарағанды қаласының бюджеті 2480867 10 "Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданны қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі 35 Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу Қарағанды қаласының бюджеті 1081049 11 "Қарағанды қаласы Октябрь ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі 38 Қарулы күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу Қарағанды қаласының бюджеті 1170657 12 Қарағанды қаласы әділет басқармасы 50 Әділет органдарында құжаттар өңдеу жұмысы Қарағанды қаласының бюджеті 1550542 13 "Қарағанды қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 30 Автомобиль жолдарында түгендеу жүргізу, автокәсіпорындарында жолдаушылардың жүру кестесінің орындалысы жөнінде зерттеу Қарағанды қаласының бюджеті 930326 14 "Қарағанды қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі 17 Құжаттарды өңдеу жұмыстары Қарағанды қаласының бюджеті 535519 15 "Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 14 Құжаттарды өңдеу жұмыстары Қарағанды қаласының бюджеті 444192 16 "Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі 20 Мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу Қарағанды қаласының бюджеті 620217 17 "N 1 кәсіптік мектеп" мемлекеттік мекемесі (Жергілікті бірлестік оқыту орталығы) 20 Халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарының өмір сүру дағдыларын қалыптастыру (компьютерде сауатты жұмыс істеу, үй және қосалқы шаруашылық жұмыстарын істей білу) Қарағанды қаласының бюджеті 620217 18 "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 22 Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, қаланың әлеуметтік қартасын нақтылау, құжаттар өңдеу Қарағанды қаласының бюджеті 682860 19 Қазыбек би атындағы ауданның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі 20 Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, қаланың әлеуметтік картасын нақтылау, құжаттар өңдеу, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт адамдарды анықтау Қарағанды қаласының бюджеті 620217 20 Октябрь аудандық үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі 20 Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар азаматтарды анықтау, қаланың әлеуметтік қартасын нақтылау, құжаттар өңдеу, аудан бойынша жалғыз тұратын қарт адамдарды анықтау Қарағанды қаласының бюджеті 621372 21 "Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі 11 "Мекенжай тіркелімдердің" нақты бар базалық мәлеметтерді мекенжайдағы ақпаратты салыстырма түрде тексеріс жасау Қарағанды қаласының бюджеті 343321 Барлығы 1000 31011000