Об определении целевых групп населения в Житикаринском районе на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін 2008 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтары белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. "2007 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарының Тізбесін белгілеу туралы" 2007 жылғы 21 ақпандағы № 119 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-68, 2007 жылғы 16 наурыздағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) әкімдік қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 5
5. Әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткенінен соң қолданысқа енеді. КЕЛІСІЛГЕН "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы И. Григорьева
Басқа 6
Әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 122 әкімдік қаулысына қосымша Жұмысқа орналасуға көмектесу үшін 2008 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтары
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмендер.
Тармақ 2
2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғыз басты, көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей тәртіпте қарамағындағыларға көмекті және тұрақты күтімді қажет етеді деп танылғандары бар азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік алды жасындағылар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар.
Тармақ 9
9. Мәжбүрлеп емдеуден және (немесе) бас бостандығынан айыру орынынан босатылған тұлғалар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (жыл және одан да көп).
Тармақ 12
12. 50 жастан асқандар.
Тармақ 13
13. Бастауыш, кәсіби орта білімі бар және кәсіби жоғары білімі бар түлектер.
Тармақ 14
14. Қостанай облысы бойынша тиісті кезеңіне белгіленгендей азық-түлік себеті құнынан аспайтын табысы бар толық емес отбасылар.