«Қорғалжын ауданында 2008 жылы халықты жұмыспен қамту және осы жөнінде шаралар мен нысаналы топтын адамдарын аңықтау жөнінде» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қорғалжын ауданында 2008 жылы халықты жұмыспен қамту және осы жөнінде шаралар мен нысаналы топтын адамдарын аңықтау жөнінде» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 заңының 7 бабына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету мақсатында, нысаналы топқа кіретін, әлеуметтік көмекті аса қажет ететін адамдарды анықтау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабын басшылыққа алып, жұмыссыздардың нысаналы тобының құрамы анықталсын.
Тармақ 2
2. Нысаналы топ бір жылдан артық жұмыс істемейтін 24 жасқа дейінгі жастармен және туберкулезбен ауырғандарға, олар емдеудің толық курсын өткеннен кейін жұмысқа орналасуға жәрдемдесуден толықтырылсын
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы топтың адамдарын қабылдай алатын кәсіпорындар мен ұйымдарды анықтасын
Тармақ 4
4. Ауыл округтерінің әкімдері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммімен бірлесе отырып нысаналы топтың адамдарын жұмыспен қамту шараларын дайындасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық газетте жариялануы тиіс.