2008 жылы Қорғалжын ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Қорғалжын ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес тұрғындардың арнайы тобын әлеуметтік қорғау және қосымша шаралар белгілеу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылы кәсіпорындармен мекемелерде әлеуметтік жұмысқа орналастыру және жұмыс орнын ашуды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Мекемелер мен кәсіпорындар әлеуметтік жұмыс орны тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарға төленетін қаржы әлеуметтік жұмыс орнына қажетті қаржы бюджет есебінен және жұмыс берушілердің мүмкіндігіне қарай төленсін.
Тармақ 4
4. Қорғалжын ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы әлеуметтік экономикалық даму барысы жоспарының орта көрсеткіштеріне сәйкес төлем ақы төлеуін қамтамасыз етсін
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы Қорғалжын аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық газетке міндетті түрде жариялануы тиіс.
Басқа 7. 2008 жылы ашылатын әлеуметтік жұмыс орны тізбесі
Аудан әкімдігінің «» 2008 ж қаулысына қосымша 2008 жылы ашылатын әлеуметтік жұмыс орны тізбесі № Мекеме және шаруашылық аттары Орналасқан орны Жұмыс аты Ашылатын әлеуметтік жұмыс орны саны 1 Мектеп-гимназия Қорғалжын әр сала жұмыс 3 2 МКМ «Өрлеу» Қорғалжын әр сала жұмысы 1 3 Коммуна орта мектебі Майшұқыр әр сала жұмысы 1 4 Кумкол бастауыш мектебі Майшұқыр әр сала жұмысы 1 5 Аудандық мәдениет үйі Қорғалжын әр сала жұмысы 1