Об оказании дополнительной социальной помощи детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
Үйде оқытылып-тәрбиеленіп жатқан мүгедек-балаларға 2008 жылы қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасынының «Қазақстан Республикасындагы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңынының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»2005 жылдың 13 сәуіріндегі Заңының 31 бабтың 2 тармағының 3 тармақшасына және 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 53 бабына сәйкес Ерейментау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде оқытылып-тәрбиеленіп жатқан мүгедек-балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін - үйде оқытылып-тәрбиеленіп жатқан әрбір мүгедек-балаға 2008 жылы тоқсан сайын 6 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде.
Тармақ 2
2. «Ерейментау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Көшкінбаев С.Қ.) үйде оқытылып-тәрбиеленіп жатқан мүгедек-балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетуге 2008 жылы аудандық бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың уақытында игерілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н.Дүйсембаеваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Нақты қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған сәттен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Нақты қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.